БіркестелікреляциялықДҚқұрылымы. Реляциялық деректер қорының терминологиясында кестеніңжолдары– жазба, бағаналары– өрісдеп аталады. «Реляциялық ДҚ» атауының өзі ағылшын тілінің – relationсөзінен шыққан, аудармасы – «қатынас». Мұнда «қатынас» термині кестенің өрістерініңарасындағыөзарабайланысыдеп түсініледі.
Реляциялықдеректерқоры– қисынды байланысқан,кестелерде тұрған деректер жиыны (қор). Анықтамаларға ұқсаған, әр кестедегі ақпарат, тек қана бір объекттуралы ғана болады. Ал кестелер арасында байланыстардықұру, кез келген кестелерден кез келген деректердіжеңіл шығаружәне қатынасумүмкіндігін береді.
Оқушыларға материалды нақты мысалдар негізінде түсіндіру қажет. Мысал ретінде мұғалім әртүрлі кестелерді: «Ауа райы», «Сабақ үлгерімі», «Факультативтер», «Үй кітапханасы» т.с.с. көрнекілеп дайындауына болады. Деректер қорында әркестеніңөзатауыболатынын ескерту қажет.
-мысал: «Кинотеатрдың апта репертуары» атты ДҚ құрылымын сипаттау керек. Құрылымдысипаттаудеген – кестенің барлық өрістерінатаужәне әрбірөрістісипаттауболады:
өрістіңатауы
типі
ені
ондық бөлшектегібөлшек бөлігініңсаны
кинотеатр
символдық
15
фильм
символдық
25
уақыт
сандық
5
2
бағасы
сандық
5
2
Осы тақырып бойынша, оқушылардың біліктілігін қалыптастыруға қажет негізгітүсініктер:
кез келген кестеде қандайда бір нақты объект (үрдіс) туралы ақпарат болады, сондықтан ол ақпараттық модель болып табылады;
кестедегі кез келген жазба – берілген жүйенің нақты объектісі (құбылысы) туралы ақпарат;
әр жазбадағы өрістің мәні – объектінің айқындалған сипаттамасы (қасиеті, атрибуты).
Осы ұғымдарды бекіту үшін оқушыларға қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болуы керек:
Сұрақ:«Сабақ үлгерімі» кестесінде қандай жүйе туралы ақпарат бар?
Жауап:Мектептің анықталған сыныбы туралы.
Сұрақ: Бұл кестенің әр жазбасында қандай объект туралы ақпарат бар?
Жауап:Нақты оқушы туралы ақпарат бар .
Сұрақ:Жазбадағы өрістердің мәндері нені белгілейді?
Жауап: Осы оқушының мектеп пәндері бойынша алған бағаларын белгілейді .