Деректер. Компьютермен өңделетін ақпарат – деректердеп аталатынын еске түсірейік. Жасалған сурет қорытындыақпаратболады. Бірақ, растрлық графиканың ұстанымымен қарастырғанда сурет – түрлі-түсті пиксельдердің жинағы. Демек, ГР үшін деректер– әртүрлі саймандардың көмегімен, палитрадан таңдалған және графикалық тордың элементтері бойынша тараған түстерболып табылады. ЭЕМ жадында олар сәйкес екілік кодтармен ұсынылады.
Деректерқорыныңжіктелуі. Деректер қоры әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.
Сақталғанақпараттыңсипатыбойыншадеректер қоры фактографиялықжәне құжаттықдеп бөлінеді. Фактографиялық ДҚ қатал анықталған пішімде қысқа ақпараттар сақталады. Мысалы, мәліметтер тіркелген карточкалар жинағы. Ал, деректіліксипатты ДҚ
тұрлі құжаттар және онда мәтіндік құжаттардан басқа, графикалық, бейнелік дыбыстық (мультимедиа) сақталады, мысалы – мұрағатқоры.
Деректердіңсақталуыбойынша– ДҚ орталықтандырылғанжәне бөлісілгенболады. ОрталықтандырылғанДҚ барлық ақпарат бір компьютерде сақталады. Ол дербес автономиялы ДК немесе пайдаланушы-клиенттің қатынасуға рұқсаты бар, желілік сервері болуы мүмкін. БөлісілгенДҚ жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілерде қолданылады. Бұл жағдайда қордың әртүрлі бөлігі әртүрлі компьютерлерде сақталып тұрады.
Деректердіұйымдастыруқұрылымыбойынша– ДҚ кестелік (реляциялық), желілікжәне иерархиялық деп бөлінеді.
Базалық курста тек фактографиялықреляциялықдеректерқорықарастырылады. Бұл реляциялық типті деректер қорының ең жиі қолданылуына және оның әмбебаптылығынабайланысты. Теориялық жағынан кез келген деректер жүйесін кестелер көмегімен бейнелеуге болатындығы дәлелденген. Қарапайым реляциялық ДҚ бір кестеден, күрделісі көптеген өзара байланысқан кестелерден тұрады.