Г. И. Бейсенова


Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы



бет43/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111

Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы




Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар


Қарастырылатын сұрақтар:

  1. адам қабылдайтын хабардың ақпараттылығы (орысш. –информативность) неменеге тәуелді;

  2. ақпараттың өлшем бірлігі;

  3. хабардағы N теңықтималды оқиғалардың ішінен біреуіндегі ақпарат саны.

Хабардың ақпаратылығы ұғымын ашу
Мағыналық тұрғыдан қарағанда мына ұғымдар тізбегі байқалады: ақпарат хабар хабардың ақпараттылығы ақпараттың өлшем бірлігі хабардың ақпараттылық көлемі.
Алғашқы пайымдау ол: ақпарат – адамдардың білімі. Мына сұрақ: хабар деген не?
Хабар ақпаратты жіберу үрдісінде, оны қабылдайтын субъектке түсетін ақпараттық ағын.
Хабар – біз еститін сөздер (радиодан хабар, мұғалімнің түсіндірмесі), біз қабылдайтын бейнелер (фильм, светафор сигналы) және біз оқитын кітәп мәтіні, т.б.
Хабардың ақпараттылығы деген ұғымды мұғалім өзі және оқушылар келтірген мысалдар арқылы талқылағаны жөн.
Ереже: адамның білімін толықтыратын, яғни оған жаңа ақпарат беретін хабарды – ақпараттылы дейік.
Бір хабар, оның ақпараттылығы жағынан, әр адам үшін әртүрлі болуы мұмкін. Егер мәліметтер «ескі», яғни ол адамға белгілі немесе түсініксіз болса, онда ол үшін бұл хабар ақпараттылы болмайды. Егер қабылдаушы адамға, мәлімет түсінікті және жаңалық болып, оның білімін толықтырса, онда ол ақпараттылы және мағыналы (семантикалық) хабар болғаны.
«Ақпарат» және «хабардың ақпараттылығы» деген ұғымдарды бір мағыналы деуге болмайды. Оны мына мысалдар арқылы көруге болады.
Сұрақ: «Бастауыш сынып оқушысының көзқарасымен қарастырғанда жоғары оқу орнында оқылатын жоғарғы математика курсы оқулығында ақпарат бар ма?»
Жауап: «Иә, кімнің көзқарасымен болсын, ақпарат бар! Себебі, оқулықта математикалық аппаратты жасаушылардың (Ньютон,Лейбниц, т.б), оқулық авторларының, қазіргі математиктердің білімдері жинақталған». Бұл - абсолютті шындық.
Сұрақ: «Осы оқулық арқылы 1-сынып оқушысы өз білімін толықтыра ала ма? »
Жауап: «Жоқ, себебі ол үшін бұл оқулық тым күрделі, оған түсініксіз, яғни ақпараттылы емес. Сондықтан ол ешқандай білім алмайды».
Ақпараттың мағыналық (семантикалық) тұжырымдамасы шеңберінде, хабардың ақпараттылығы деген ұғымды енгізу, ақпаратты өлшеу тақырыбына бірінші жақындау болып табылады.
Қорытынды: Егер адам хабардан ақпарат алмаса, онда бұл адам үшін хабардағы ақпарат саны нөлге тең. Ақпараттылы хабардаға ақпарат саны нөльден үлкен болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет