|
|
бет | 51/111 | Дата | 04.11.2022 | өлшемі | 2,71 Mb. | | #47479 |
| Байланысты: 357302 (2)Ақпарат және ақпараттық процестер бағытыы бойынша оқушылардың біліміне қойылатын талаптар
Оқушылар білуге міндетті:
ақпарат ұғымын кибернетикалық (алфавиттік) және мазмұндық тұрғыдан анықтау;
және кибернетикалық жолдарға сәйкес ақпараттың анықтамасы;
ақпараттық процестер дегеніміз не;
ақпаратты тасымалдауыштарының кандай формалары бар;
бит – ақпараттың өлшем бірлігі қалай анықталады;
байт, килобайт, мегабайт, гигабайт дегеніміз не;
ақпаратты жіберу жылдамдығының өлшем бірлігі;
қандай да бір оқиға туралы хабардағы ақпараттың саны және оның болу ықтималдығы (тең ықтималды жуықтауда және жалпы жағдайда) арасындағы байланыс;
байланыстың техникалық арналары арқылы ақпаратты беру процесінің К. Шеннонның схемасы;
Оқушылар істей білу керек:
техника, тірі табиғат және адам іс-әрекеті аясынан ақпарат және ақпараттық процестер мысалын келтіру;
ақпаратты тасымалдаудың нақты процесінде арнаны, ақпарат көзін, қабылдауышты анықтау;
ақпаратты және ақпаратты емес хабарлардың мысалдарын келтіру;
1 бит ақпарат әкелетін хабарлардың мысалын келтіру;
мәтіннің ақпараттық көлемін байтпен өлшеу (компьютер алфавитін қолданғанда);
ақпараттың санын түрлі өлшем бірліктермен санау (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт, т.б.);
ақпараттың тасымалдау жылдамдығын көлем және тасымалдау уақыты бойынша есептеу, сондай-ақ кері шығару;
оқиға туралы хабардағы ақпараттың санын белгілі ықтималдылықпен есептеу (теңықтималды жуықтауда және жалпы жағдайда).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|