Әдебиеттер: Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.
Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. – Минск: Вышэйшая школа,1998.
Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.
Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.
Лекция №9. «Компьютер» мазмұндық бағытын оқыту әдістемесі
Информатиканың базалық курсының мазмұндық сызығының бірі – компьютер сызығы. Бұл сызық төрт тармаққа бөлінеді – компьютердіңқұрылымы(архитектурасы), бағдарламалыққамтамасызету, компьютердедеректердіңұсынылуы, ЭЕМ-ңтарихыжәнедамукелешегі(1-қосымша, 2-схеманы қараңыз).
Компьютер сызығы бүкіл курсты қамтиды. Базалық курс тақырыптарының көбінде оқушылар компьютермен жұмыс жасайды, оның құрылымы, мүмкіншілігі туралы өздерінің пайымдарын тереңдете түседі, дағдыларын дамытады. «Компьютер» мазмұндық сызығын игеру екі мақсатты бағытпен өтеді:
ЭЕМ құрылымын, деректерді ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптерінің теориясын оқу, білу;
компьютерді практика жүзінде игеру; ақпаратпен әртүрлі жұмыстарды жасау үшін компьютерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.