ақпаратты сақтау орындарының негізгі қасиеттері. Информатиканың ақпарат сияқты іргелі ұғымдарының бірі –
ақпараттықпроцестерұғымы. Мұнда қарастырылатын түйінді ұғымдар: жады,ақпараттытасымалдауыштар,ақпараткөзі,ақпараттықабылдаушы,байланысарнасы. Адам ақпаратпен қандай күрделі жұмыс жасамасын, бәрі де үш құраушы: беру, сақтаужәне өңдеутұрлеріне әкелетіні оқушыларға жеткізлетін негізгі қағида болуы қажет. Түсіндіруді: «ақпарат қандай процестерге қатысады?», «мұндай процестерде ол қандай өзгерістерге ұшырайды?» – сияқты сұрақтарды қою арқылы, диалог түрінде жүргізу керек.
Ақпараттықүрдіс– уақытағымынабайланысты,ақпараттыңмазмұныныңнемесеоныкөрсететінмәліметтердіңөзгеруі. Ақпаратты сақтаупроцесінеқатысты қарастырылатын түйінді ұғымдар: ақпараттытасушы(жады),ішкіжады,сыртқыжады,ақпаратты сақтауорны.
Ақпараттытасушы– бұл тікелей ақпаратты сақтайтын физикалық орта. Адам үшін ақпаратың негізгі тасушысы – оның өз есі (миы). Оны – жеделжады деуге болады. Мұндағы «жедел» сөзі «тез» сөзінің синонимі ретінде қолданып тұр. Есінде жатталған білімді адам тез жаңғыртады. Өзіміздің есімізді біз ішкіжады деп атай аламыз, себебі ми біздің ішімізде.
Ақпаратты тасушылардың басқаша барлық формаларын (адаммен салыстырғанда) – сыртқыдеп атауға болады. Бұл тасушылардың формалары уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады: көне замандарда тас, ағаш, папирус, тері, т.б. Біздің дәуірдің II-ғасырында Қытайда қағаз ойлап табылды. Бірақ Европаға ол тек XI-ғасырда жетті. Содан бері қағаз ақпараттың негізгі сыртқы тасушысы болып келді. Ақпараттық техниканың дамуы магниттік, оптикалық, т.б. замануи ақпаратты тасушылар формаларының жасалуына әкелді.
Ақпараттысақтауорны–ұзақмерзімгесақтаужәнеүнеміпайдалануүшінсыртқытасушылардабелгілітәртіппенұйымдастырылғанжүйе. Мысалы: құжаттардың мұрағаты, кітапханалар, картотекалар, анықтағыштар, т.б. Белгілі бір, нақты құжат: анкета,кітап,есеп,т.б. –сақтау орнының негізгі ақпарат бірлігі болып табылады.
Сыртқы сақтау орнымен салыстырғанда адамның есте сақтауы онша сенімді емес. Сол себепті адам сыртқы тасушыларды қолданады. Ақпаратты сақтаудың негізгіқасиеттері:сақталатын ақпараттыңкөлемі,сақтаудың сенімділігі, керекті ақпараттыіздеууақыты, ақпаратты қорғауберіктігі.
Компьютердің сақтау құрылғыларында сақталған ақпаратты деректердеп атайды. Ақпаратжәне деректердеген ұғымдарды бөліп айту қажет. Деректерді тасымалдауыштарға бекітілген, жазылған ақпаратты көрсетуге арналған құрал деуге болады. Деректер ақпаратты алу үрдісінде алғашқы«шикізат» ретінде қызмет етеді.
Компьютердің сыртқы жадында ұйымдастырылып сақталған ақпаратты – деректерқорыдеп атау ұсынылған. Бұл сұрақтар кейінірек қарастырылады.