адамның ақпаратты қабылдау процесіндегі сезім мүшелерінің
байланыстың техникалық жүйелерінің құрылымы;
кодтау және декодтау дегеніміз не;
шу ұғымы; шудан қорғау тәсілдері;
ақпаратты беру жылдамдығы және арнаның өткізгіштік қабілеті.
Ақпаратты беру процесін сипаттаудың негізгі ұғымдары – ақпарат көзі, ақпаратты қабылдаушы, ақпараттық арна. Бұл үрдісті схема түрінде былай бейнелеуге болады (1.3-сурет):
Ақпаратты қабылдаушы
Ақпарат көзі
Ақпараттық арна
-сурет. Ақпараттыберуүрдісініңсхемасы
Мұндай процесте ақпарат қандайда бір сигнал, символ, белгі тізбектері түрінде беріледі. Мысалы, адамдар өзара тікелей сөйлескенде дыбыстық сигналдар тізбегі – сөйлеуберіледі, адам мәтінді оқығанда, графикалықсимволдар– әріптерді қабылдайды. Берілетін тізбекті хабарламадеп атайды. Хабарлама ақпарат көзінен қабылдаушыға қандай да бір материалдық орта арқылы беріледі (дыбыс– атмосферадағы акустикалық толқындар, бейне– жарықтың электромагниттік толқындары). Егер ақпаратты беру барысында техникалық құрылғылар қолданылса, онда оларды ақпараттыберуарналары(ақпараттық арналар) деп атайды. Бұларға: телефон, радио, теледидар жатады.
Адамның сезім мүшелері биологиялықақпараттықарналаррөлін атқарады деп айтуға болады. Олардың көмегімен адамға жасалған ақпараттық әсер жадыға жетеді.
Бұл тақырып бойынша оқушылар, ақпаратты беру процесіне нақты мысалдар келтіруімен қатар, осы мысалдар үшін ақпараттың көзін, қабылдауышын, қолданылатын ақпараттық арналарды анықтай білуі керек.
Мұндай схеманың жұмысын баршаға таныс телефон арқылы сөйлесу процесіне түсінік беру арқылы қарастыруға болады. Сөйлеп тұрған адам – ақпараткөзі. Кодтауқұрылғысы– телефонның трубкасы, оның көмгімен дыбыс толқындары (сөз) электр сигналдарына түрленеді. Байланысарнасы– телефон желісі (сымдар, сигналдар өтетін телефон торабының коммутаторлары). Ақпараттықабылдаушы, яғни тыңдап тұрған адамның телефон трубкасының дыбыс беретін жағы (наушник) декодтаушықұрылғыболып табылады. Мұнда келген электр сигналы дыбысқа айналады.
Үздіксіз электрлік сигналдар түрінде берілетін байланыс
аналогты деп аталады.
Ақпараткөзінен, байланысарнасыменжіберугежарамдыформаға,ақпараттыңкезкелгентүрленуінкодтаудеп түсіну керек. Дискретті(үзікті) байланыстыңмысалы ретінде, ертеде қолданылған Морзе азбукасын айтуға болады. Мәтін нүктелержәне сызықшалар(қысқа және ұзын сигналдар) тізбегіне түрленіп эфирге жіберілген. Мұндай хабарды есіту арқылы қабылдаған адам мәтін түріне қайта кодтауды (декодтау) істей білуі қажет болған.
Қазіргі кезде цифрлықбайланыскеңінен қолданылады. Мұнда жіберілетін ақпарат екілік пішімге (0 және 1 – екілік цифрлар) кодталады, кейін мәтінге, бейнеге, дыбысқа декодталады. Цифрлық байланыс дискреттіболып табылады.
“Шу” терминімен ақпараттың мазмұнын жойдыратын түрлі кедергілердіатайды. Осындай кедергілерәсіресе техникалық себептерден болады: сапасы нашар байланыс, бір арнамен жіберілген ақпараттар ағындарының бір-бірінен қорғанысыздығы, т.б. Мұндай жағдайда шудан қорғаныс жасау қажет.
Бірінше кезекте, байланыс арналарын шудан қорғаудың техникалық тәсілдері қолданылады. Мысалы, «жалаңаш» сымның орнына қалқаланған (орысш. – экранированный) кабельді қолдану, пайдалы сигналды шудан бөліп алатын әртүрлі сүзгіштерді (орысш. – фильтрлерді) пайдалану және т.б.
Қазіргі цифрлық байланыс жүйелерінде ақпаратты жоғалтпаудың мына тәсілі жиі қолданылады. Барлық жолдама кішігірім бөлік – блоктарғабөлінеді. Әрбір блок үшін бақылауқосындысы(екілік цифрлардың қосындысы) есептеледі де осы блокпен бірге жіберіледі. Қабылданған жерде блоктың бақылау қосындысы қайтадан есептеледі, егер ол алғашқы қосындымен бірдей болмаса, онда блок қайта жіберіледі. Осылай, алғашқы және соңғы қосындылар бірдей болғанға дейін қайталана береді.
Ақпараттыжіберужылдамдығытақырыбын қарастырғанда ұқсастық(аналогия) тәсілімен талқылауға болады. Ұқсастық– су жүргізетін құбырлар бойымен суды айдау процесі. Мұнда суды жіберу арнасы құбырлар болып табылады. Бұл процестің қарқындылығы(жылдамдығы) судың шығынымен, яғни бір уақыт бірлігінде (cек/л немесе сек/куб.м.) айдалатын судың литрнемесе кубометрсанымен сипатталады.
Ақпаратты жіберу процесінде, техникалық арналар желісі – ақпараттықарналарболады. Ал, егер ақпаратты адам тікелей қабылдаса, онда оның сезім мүшелері – адамның ішкіақпараттықарналары. Су жүргізетін құбырлармен ұқсастық бойынша, арналарменжіберілетінақпаратықағындеп айтуға болады. Бір уақыт бірлігінде жіберілетін хабардың ақпараттық көлемі – ақпараттыберужылдамдығы. Сондықтан ақпараттық ағынның жылдамдығының өлшем бірлігі: сек/бит, сек/байт және т.б.