Биттереңдігі(түс тереңдігі) – бірпикселькодталғанда түсті сақтау және ұсыну үшін пайдаланатын битсаныменберілген жады көлемі,(бит/пиксель– bits per pixel, bpp).
Бит тереңдігі 8 бит/пиксель қолданғанда түстердің саны: 28= 256 болады. Осындай биттердің коды мына түрде бөлінген:
ҚҚҚЖЖЖКК
Мұнда, қызыл және жасыл құрамдастарына 3 биттен, көк түске
2 бит бөлінген. Демек, қызыл және жасыл құрамдастарына әр қайсысының ашықтылықдеңгейі 23=8, ал көк түстің ашықтығы4 деңгейді құрайды.
Векторлықұсынымдабейне графикалыққарапайымдардеп аталатын қарапайым элементтердің жиынтықтары: түзусызықтар,доғалар,шеңберлер,тіктөртбұрыштар,эллипстержәне т.б. түрінде қарастырылады.
Графикалықақпарат–суретті құрастырған барша графикалық қарапайымдарды бірмәнді анықтайтын деректер.
Графикалық қарапайымдардың орны және пішіні (формасы) экранмен байланысқан графикалық координаталаржүйесіндеберіледі.
Әдетте, координаталар басы экранның жоғарғы сол жақ бұрышында орналасады. Пиксельдердің торы координаттық торымен сәйкес келеді. Горизонталь X осі солдан оңға қарай бағытталған; Y – жоғарыдан төмен қарай.
Түзу сызық кесіндісі оның бас-аяғыныңкоординаталарымен; шеңбер – ортасыжәне радиусыныңкоординаталарымен; көп бұрыш – оның бұрыштарыныңкоординаталарымен, боялған аймағы – шекаралассызықпенжәне бояутүріменжәне т.б. бірмәнді анықталады.