Г. И. Бейсенова



бет56/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111
Бит тереңдігі (түс тереңдігі) – бір пиксель кодталғанда түсті сақтау және ұсыну үшін пайдаланатын бит санымен берілген жады көлемі, (бит/пиксель – bits per pixel, bpp).
Бит тереңдігі 8 бит/пиксель қолданғанда түстердің саны: 28 = 256 болады. Осындай биттердің коды мына түрде бөлінген:

ҚҚҚЖЖЖКК


Мұнда, қызыл және жасыл құрамдастарына 3 биттен, көк түске

Векторлық ұсынымда бейне графикалық қарапайымдар деп аталатын қарапайым элементтердің жиынтықтары: түзу сызықтар, доғалар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар, эллипстер және т.б. түрінде қарастырылады.
Графикалық ақпарат суретті құрастырған барша графикалық қарапайымдарды бірмәнді анықтайтын деректер.
Графикалық қарапайымдардың орны және пішіні (формасы) экранмен байланысқан графикалық координаталар жүйесінде беріледі.
Әдетте, координаталар басы экранның жоғарғы сол жақ бұрышында орналасады. Пиксельдердің торы координаттық торымен сәйкес келеді. Горизонталь X осі солдан оңға қарай бағытталған; Y – жоғарыдан төмен қарай.
Түзу сызық кесіндісі оның бас-аяғының координаталарымен; шеңбер – ортасы және радиусының координаталарымен; көп бұрыш – оның бұрыштарының координаталарымен, боялған аймағы – шекаралас сызықпен және бояу түрімен және т.б. бірмәнді анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет