Графикалықақпараттыңұсынылуы. Компьютерде бейнені ұсуну проблемасы екі – растырлықжәне векторлықтәсілдері арқылы шешіледі.
Растырлықтәсілдебейне бір түсті кішкентай элементтерге – бейнепиксельдергебөлінеді, олар қосылғанда жалпы бір сурет пайда болады. Растрлық бейнеақпарат – кішкентай элементтердің түстері бойынша, рет-ретімен орналасуы.
Векторлықтәсілде–кез келген бейне геометриялық элементтерге: түзу кесінділерге, эллипісті доғаларға, тік төртбұрыштың, шеңбардің фрагменттеріне және т.б. бөлінеді. Мұндай тәсілде бейнеақпарат – дисплей экранымен байланысты координаталар жүйесінде, аталған элементтердің математикалық сипаттамасы болады. Векторлық тәсіл сызбаны, схемаларды, штрихты суреттерді ұсынуға қолайлы. Векторлық тәсіл әмбебап екені өзінен өзі түсінікті, өйткені ол бейненің сипатына байланыссыз қолданыла береді. Қазіргі уақыттағы дербес компьютерде тек растрлық дисплейлер қолданылады.
Бейнеақпарат– компьютердің жадында сақталынған бейне туралы экранға жаңғыртылатын ақпарат. Бейнежады экранға бейнені жаңғырту уақытында, бейнеақпаратты сақтайтын жедел жады. Бейнежадыдағы ақпарат (бейнеақпарат экранның әрпикселінің түстері кодтарының жиыны. Яғни, бейнені көрсету түстерді кодтаумен байланысты. Дисплей экранында түрлі түстер алудың физикалық принципі негізгі үш түсті: қызыл, жасыл, көктіараластыруға негізделген. Демек, пиксель түсініңкодында әрбір негіздік түстің ашықтықүлесі (орысш. – интенсивность) туралы ақпарат болуы керек.
Оқушылардың назарын түстіңкодымен негізгі түстер қоспасындағы құрамныңбайланысына аударған жөн. Егер үш түс құраушылардыңбарлығының ашықтығыбірдей болса, онда олардың қоспасынан 8 (23) әтүрлі түс алуға болады. Мына 3.1-кестеде үш биттік екілік кодымен 8-түсті палитраның кодталуы көрсетілген. Онда негіздік түстің болуы 1-мен, жоқтығы 0-мен белгіленген.
3.1-кесте. Сегіз түсті палитраныңекіліккоды
қ
ж
к
түс
0
0
0
қара
0
0
1
көк
0
1
0
жасыл
0
1
1
көгілдір
1
0
0
қызыл
1
0
1
қызғылт
1
1
0
қоңыр
1
1
1
ақ
Бұл тақырып бойынша оқушылар мынадай сұрақтарға жауап бере білуі керек:
Қандай түстерді араластыру арқылы қызғылт түсті алуға бо- лады?
Қоңыр түс қызыл және жасыл түстердің қоспасы екені белгілі. Қоңыр түстің коды қандай?
1-сұрақтыңжауабы:кестеден қарап, қызғылт түстің коды – 101 екенін көреміз. Демек, қызыл және көк бояуларын араластырғанда қызғылт түс шығады.
Пиксельдің 4-разрядты кодталуын пайдаланғанда оналтытүстіпалитраалынылады: негіздік түстердің 3 битіне 1биташықтығықосылады. Бұл бит үш түстің ашықтығынбірмезгілдебасқарады.
Мысалы, егер 8-түстік палитрада 100 кодымен қызыл түс белгіленген болса, онда 16-түстік палитрада: 0100 — қызыл, 1100 — ашық-қызыл түс; 0110 — қоңыр, 1110 — ашық-қоңыр (сары) болады.
Негіздік түстердің ашықтығынажыратабасқару арқылы аумақты түстер санын алуға болады. Егер негіздік түстердің әр қайсысын кодтау үшін бір биттен артық бөлінсе, онда түс ашықтығыекі деңгейден артық болуы мүмкін.