Г. И. Бейсенова



бет71/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111
Модельдеу мақсаты. Модельде нақты объектінің тек келешекте қолданысқа ие болатын негізгі қасиеттері ғана қайталанады. Сондықтан, модельдеуде ең маңызды ұғым – модельдеу мақсаты болып табылады. Модельдеу мақсаты – келешек модельдің атқаратын қызметі. Мақсат – нақты объектінің (түпнұсқаның) моделінде болатын қасиеттерді анықтайды.
Материалдық объектілерді ғана емес, процестерді де модельдеуге болатынын, ерекшелеп айта кеткен жөн. Сондықтан модельдеу ұғымын кең мағынада түсіну керек. Мысалы, синоптиктер, атмосфералық процестерді қуатты компьютерлерде модельдеп, ауа райы болжамын береді, физиктер зертханаларда әртүрлі физикалық процестерді модельдейді, авиациялық конструктор аэродинамикалық моржаны, ұшақтың моделін ауа ағынымен айналу процесін модельдеу үшін қолданады. Мұндай модельде ұшақтың тұлғасына түсетін күш өлшенеді, ұшақтың беріктігі зерттеледі. Физикалық процестердің модельдерімен экпериментші-физиктер жұмыс істейді.
Мысалы, зертханалық жағдайда олар: мұхитта, жер қойнауында және т.б. болып жатқан процестерді модельдейді.
Ары қарай, «модельдеу объектісі» – терминін кең мағынада түсіну қажеттігін ескерту қажет. Себебі кейбір заттық объектілер (нәрсе, зат, бұйым, жүйе) немесе процестерде модельдеу объектісі болуы мүмкін.
Оқушылардың санасында: «модельдеу объектісі модельдеу мақсаты модель» тізбесінің мәнін бекітіп алған соң, ақпараттық мадельдер туралы баяндауға ауысуға болады. Оның ең жалпы анықтамасы:
Ақпараттық модель модельдеу объектісін сипаттау. Басқаша айтқанда, бұл модельдеу объектісі туралы ақпарат. Ал ақпаратты әртүрлі пішінде ұсынуға болатыны белгілі, сондықтан ақпараттық модельдердің типтері де әртүрлі болады. Оның ішінде ауызша немесе вербальдік, графикалық, математикалық, кестелік модельдер. Бұл тізімді толық деп айтуға болмайды. Ғылыми еңбектерде ақпараттық модельдердің әртүрлі классификациясы келтіріледі. Мысалы, алгоритмдік, имитациялық, статистикалық, динамикалық, психологиялық және т.б.

Модельдеу объектісі















    1. -сурет. Модельдеу құрылымы және модельдердің типтері



Ақпараттық модельдер – ақпараттық үрдістерді (ақпараттың пайда болуын, жіберуін, түрлендіруін және пайдалануын) табиғаты әртүрлі жүйелерде сипаттайтын таңбалы модельдер топтары [21,138-б.].
Модельдерді құру және қолдану жанды және жансыз табиғаттанудың барлық ғылымдарында, қоғамтануда танымның қуатты құралы болып табылады. Ғылыми танымда модель жүйелі және мазмұнды құрастырушылық рөлін атқарады. Модельдеу арқылы заттардың белгісіз қасиеттері зерттеледі. Модель құбылыстардың құрылымын, оның басты аспектілерін неғұрлым ашық көрсетуге ұмтылады.
Оқушыларға бір объектіні сипаттау үшін әртүрлі модельдерді қолданылуға болатынын мысалдармен көрсету керек. Мысалы, жер бетінің физикалық, саяси, климат карталары болады. Және керісінше, бір модель әртүрлі объектілерді зерттеу және сипаттау үшін қолданылуы мүмкін – мысалы, механикада материалдық нүкте қозғалысының теңдеуі лақтырылған тастың, автокөліктің, пойыздың, планетаның қозғалысын сипаттауға қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет