Формализациялауұғымы. 4.1-суретте модельдеу үрдісінің құрылымы мен ақпараттық модельдердің негізгі типтері ұсынуформасыбойынша бейнеленген. Модельдің түрі оны құру мақсатына байланысты болатынын жоғарыда атап өттік. Егер модельге көрнекілікталабы қойылса, онда, әдетте, графикалықтүрі таңдалады.
Мысалы: төңіректің картасы, схема, уақытқа байланысты температураның өзгеру графигі, т.б. бәрі графикалық модельдердің мысалдары. Температураның уақытқа байланысты өзгерісін, сандық кестемен – яғни, кестелікмодельнемесе математикалық функция – математикалықмодельтүрінде сипаттауға болады.
Формализациялау– нақтыобъектінінемесепроцесті,оныңформалды сипаттауымен,яғниақпараттықмоделіменауыстыру. Сонымен, ақпараттық модельдерді құру үшін әртүрлі тәсілдержәне саймандарқолданылады. Мысалы, вербальді модельді құру үшін табиғи тілдермен суреттер қолданылады.
Вербальды(мәтіндік)модельдеробъектілердің немесе қатынастардың шындығын сипаттау үшін формалданғантабиғитілдердіңдиалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады (мұндай модельдердің мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция хаттамысын айтуға болады).
Әйтсе де, вербальдік құралдар, күрделі зерттеулер жүргізуге жеткіліксіз. Сондықтан математиктер, физиктер, химиктер баяғыдан объектілердің, құбылыстардың және процестердің математикалық модельдерін жасауда.
Математикалықмодельдер– объектінің немесе үрдістің мәнді жақтарын теңдеулерменнемесе математикалықбасқақұралдарыныңтіліменбейнелейді. Олар теориялық физика, механика, химия, биология және әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда зерттеудің дәстүрлі түрі болып қалыптасты.
Математикалық модельдерді сипаттау үшін арнайы – формалдытіл– математикалық ұғымдар, алгебралық формулалар, геометриялық функциялар, т.б. қолданылады. Оқушыларға белгілі химиялық формулалар, нота тілі, тіпті қалта телефонымен мәтіндік хабарды жіберуге қолданылатын смайликтер, бәрі формалды тілдердің мысалдары. Баяндалған мысалдардың бәрі «формализациялау» ұғымын айқындайды.