Г. И. Шукина оқып білу жанадан мамандық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мүғалімдер осы білімд
КІРІСПЕ
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жаткан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі — оқушынын дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім —дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғүрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау аркылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
“Дүниетаным”, “таным”, “Қазақ дүниетанымы саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров, Ә.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Окушылардыңтанымдық әрекеттерініңтүрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Запков, М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Менчинская, П.Я.Гол- перин, Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, ІО.К.Бабанский,
Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г.И.Шукина оқып білу жанадан мамандық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мүғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдейді. Б.П.Баранов оқытулы жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығыдеп санайды. Осы жайында тіпті өзкезінде Я.А.Коменский болса, “мүмкідігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерденемес, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын” — деп тұжырымдайды.
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекшеекендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілікәрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов, Т. Сабыров және т.б. Өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұлпікірлер оқытудың басты мақсаты — оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.
Әлбеттебұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты қабылдау барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көруоркестр арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін аңықтап, таныса, ұстап сезіну арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқыңдау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы меи ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты қабылдайды және оларлың ғылыми ұғымының негізі қаланады. Осы аталғанәрекеттер арқылы түсінікалған оқушылардакелешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесіне сіндірілу тожірибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды оқытудыңтеориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалды:
-оқушылар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгерудепәннің маңызы сараланғанмен, осы кезгедейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігіненжұмыс істеу әреқеттерін ұйымдастыруғанегіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерінзерттеуге арналған әдістемелік жүмыстардың жеткіліксіздігі;
бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздікәдіспеншектеулі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың шығармашылык қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:
осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан білім берудіңәдістемелік мәселелерінжүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта окушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.