Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет122/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   250
Жыныс жүйесі 
қарапайым 
құрылысты. Көптеген жұп аналық немесе аталық бездері дененің
191


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
бүйірінде ішектің бүйір қалташа тәрізді өсінділерінің арасында 
жатады. Жұмыртқа клеткалары немесе сперматозоидтары қысқа 
тұқым жолы арқылы сыртқа шығарылады. Ұрықтануы сырттай.
Дамуы. Ұрықтанған жұмыртқаның бөлшектенуі толық, буылтық 
құрттардың спиральды детерминативті (мүшелердің алғашқы 
белгілері ерте пайда болуы) бөлшектенуіне ұқсас. Жүмыртқадан 
пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды личинка шығады. 
Пилидий қалыптаса бастаған кезде бластопораның екі жағынан 
жалпақ калақша тәрізді өсінділер дамиды. Сондықтан личинканың 
дене пішіні бүйірлі құлақшалары бар қалпақ тәрізді. Пилидияның 
бүкіл денесі кірпікшелі эпителимен қапталған. Денесінің төменгі 
жағында ұзын кірпікшелері бар ауыз алды белдеуі (алқабы) өтеді, ал 
күмбез тәрізді төбесінде қалың әрі ұзын сезімтал кірпікшелер 
шашағы (сұлтан) болады (72, В - сурет).
Пилидий денесінің астыңғы жағында, екі қалақша тәрізді 
өсіндінің ортасында орналасқан ауыз тесігі, ауыз қуысына, ал ол 
алдыңғы ішекке өтіп, қапшық тәрізді энтодермальды ортаңғы 
ішекпен жалғасады. Артқы ішегі, аналь тесігі жоқ.
Немертиндердің дамуының бір ерекшелігі пилидия эпителиясы 
ересек немертиннің эпителиясына айналмай, уақытша ғана қызмет 
атқарып, личинка ересек қүртқа айналғанда түсіп қалады, яғни 
түлейді. Ең алдымен личинка эпителиінен эктодерма және энтодерма 
арасына немесе алғашқы дамуындағы денесінің қуыс аралығына жеке 
клеткалар бөлініп шығады да ортаңғы (мезодерма) ұрық 
жапырақшасының бастамасын түзейді, олардан дәнекер тканьдері 
мен кейбір ішкі мүшелері дамиды. Осындай іріктелген немесе 
диффузияланған мезодерма мезенхима деп аталады.
Немертиннің дене эпителий жамылғысы және ішкі мүшелері 
мынадай жолмен пайда болады: біріншіден, пилидияның
эктодермасынан ішке карай 7 төмпешік (диск) түзіледі 
біреуі 
личинка денесінің алдынғы үстінде, қалған үш жұбы екі бүйірінде 
және ауызының артында. Кейіннен осы төмпешіктер дене ішіне ене 
өсіп, бір-бірімен тұтасып, әлі жетілмеген ішек пен мезенхиманы жан- 
жағынан қоршап, пилидия жамылғысының астында эктодермальды 
екі қабатты қапшықты түзейді. Сонымен қатар, үстіңгі төмпешіктен 
алдыңғы бөлімінің эпителий жамылғысы, тұмсығы және нерв жүйесі, 
екі бүйір төмпешігінен - церебральды мүшелер, соңғысынан - дене 
эпителия жамылғысы құралады. Қүрттың бүлшықеттері мезенхима 
клеткаларынан қалыптасады. Осылай пайда болған құрт пилидий
192


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз 
бетімен тіршілік етуге көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет