Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет124/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   250
о 
МЫ 
Г 
ТҚА 
СЫЗДАР зоологиясы
73-сурет.
Немертиндер: А - Cerebratulus; Б - Cerebratulus-тің алдыңғы бөлімі; 
1 - тұмсығы, 2 - екі бүйір саңылауы, 3 - ауыз тесігі. В - Nectonemertes;
Г - Malacobdella
бейімделген. Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхитында, 
Жерорта және тағы басқа теңіздерде пелагиалық формаларының 
кездесетіні мәлім. Бұл құрттардың денесі жалпақтау, қысқа, әйнек 
тәрізді мөлдір болып келеді, денесінің артқы бөлігінде немесе 
бүйірінде орналасқан қанаттары арқылы жүзеді. Негізгі туыстары: 
Pelagonemertes, Nectonemertes, Planktonemertes, Protopelagonemertes, 
Dinonemertes, Phallonemertes. Pelagonemertes-тер 1800 метрден аса 
тереңдіктерде кездеседі.
Солтүстік теңіздерінде мекен ететін Malacobdella туысының 
өкілдері паразиттік тіршілік етуге бейім. Бұлардың денесінің артқы 
ұшында өте күшті дамыған сорғышы болады. Моллюскалар мен 
шаянтәрізділердің (крабтардың) паразиттері (73, Г сурет).
Сонымен қатар, тұщы суларда да кездесетін екі түрі белгілі, олар 
Stichostemma (Prostoma) туысынан Prostoma graecense және 
Pr.asensoriatum. Үзындығы 1-2 см. Еуропа мен Солтүстік Американың
194


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
өзендері мен көлдерінде, судағы өсімдіктердің, тастардың
мүктердің, шіріген жапырақтардың арасында мекен етеді. Қолайсыз 
жағдайларды сілекейлі цистаға оранған күйінде өткізеді. Prostoma 
graecense Арал теңізінен, Түркістан аймағынан табылғаны жөнінде 
Э. Рейзингер еңбегінде жазылған.
Тропикалық және субтропикалық аймақтардың топырақтарында 
Geonemertes туысының өкілдері кең тараған.
НЕМЕРТИНДЕР (NEMERTINI) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ
Немертиндердің бірқатар құрылым белгілері жалпақ құрттармен, 
соның ішінде турбелляриялармен жақын екендігін көрсетеді. 
Немертиндер мен турбеллярияларда зәр шығару мүшесі протонеф- 
ридиялы, нерв жүйесінің негізгі бөліктері мен көздерінің құрылысы 
ұқсас, дене қуысы жок, ішкі мүшелер аралығын паренхима толтырып 
жатады, денелері кірпікшелі эпителимен жабылған.
Кірпікшелі құрттарға тән немертиндерде де жұмыртқалары 
спиральды түрде бөлінеді және пилидий мен Мюллер личинкалары 
белгілі ұқсастығымен жақын.
Сонымен, осындай ұқсастық белгілеріне байланысты немертин­
дер кірпікшелі құрттардан шықты деген болжам туады.
Эволюциялық даму жағынан немертиндер кірпікшелі құрттардан 
әлдеқайда жоғары, оған артқы ішек пен аналь тесігінің, қан айналу 
жүйесінің пайда болуы дәлел


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет