Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет130/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   250
77-сурет.
Нематодтардың сезім мүшелері (тангорецепторлар, хеморецепторлар): 
A - Tripiloides vulgaris; 1 - ерін папиллалар, 2 - қылтанша, 3 - кылтаншаның ішіндегі 
нерв, 4 - амфида; Б,В,Г,Д - теңіз нематодтардың. амфидалары; 1 - папилла және 
кылтанша, 2 - жұмыр амфида, 3 - ілмек тәрізді амфида, 4 - қалта тәрізді амфида,
5 - спираль тәрізді амфида; Е - Pelodera teras; 1 - поралы амфида, 2 - амфида нервісі
жақсы дамыған және олардың жәрдемімен аналықтарын табады.
Фазмидалар немесе бір клеткалы құйрық бездері құйрық бөлімі- 
нің екі бүйір жағында орналасқан. Олар ерітінді күйіндегі химиялық 
заттарды сезеді.
Теңізде тіршілік ететін нематодтардың кейбір түрлерінде 
көзшелер немесе жарық сезгіш пигментті дақтары болады. Кейде 
оның пигментті бокалы және кутикулалы линзасы ажыратылған.
Ж ыныс жүйесі. Нағыз жұмыр құрттар негізінен дара жыныс- 
тылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Аталықтары үсақ,
204


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) 
келген. Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңқы.
Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан
аналығында жұп күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі 
редукцияға ұшырап тақ болады.
Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше 
тәрізді, жұп жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы бір 
қабатты эпителий клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп 
аталатын кіндік желі немесе овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу 
аймағы орналасқан. Рахистың төңірегінде жыныс клеткалары 
қалыптасады. Жұмыртқа безі біршама жуандау екі жұмыртқа жолы-
78-сурет.
Аскариданың ішкі құрылысы: 1 - ауыз, 2 - өңеш, 3 - ішек, 4 - жұтқыншақ 
нерв сақинасы, 5 - құрсақ нерв бағанасы, 6 - бүйір сызығы, 7 - фагоцитарлы клеткалар, 
8 - аналық без, 9 - аналық жол, 10 - жатын, 1
1 - қынап, 12 - аналь тесігі,
13 - аталық без, 14 - аталық жол, 15 - түқым шығарғыш түтігі
205


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
на ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын 
қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы кұрсақ 
жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады (78-сурет).
Аталықтарының жыныс мүшесі аналықтарындай өте жіңішке, 
жіпше тәрізді тұқым (аталық) безінен басталады. Ол біршама жуан- 
дау аталық жолына ауысып, ұрық көпіршігіне жалғасады. Көпіршік- 
тің артқы жағы жіңішкеріп жұқа бұлшықетті түтікшеге немесе тұқым 
шашқыш өзекке айналады да, ол артқы ішекке ашылады (аналь 
тесігінің алдында). Осы жерге ерекше жұп шағылысу қалтасы 
ашылады. Онда көбіне екі немесе одан да көп кутикулярлы ине немесе 
спикулалары орналасады. Спикуланың ұштары сыртқа шығып, 
шағылысу кезінде көмекші мүше ретінде қызмет атқарады.
Көптеген нематодтарда спикулаларға қосымша копулятивті 
бурсалары дамиды. Олар құйрық бөлімінің екі бүйірінде орналасқан, 
кеңейген және қалыңдаған қанат түріндегі өсінділер. Бурса және 
спикулалары шағылысу кезінде аналығына бекіну ретінде қызмет 
атқарады. Сперматозоидтарының талшығы болмайды, олар жалған 
аяқтары арқылы амеба тәрізді қозғалады. Жынысты жолмен көбе- 
йеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет