Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Қ Ұ Р С А Қ К І Р П І К Ш Е Л І Л Е Р К Л А С Ы - G A S T R O T R I C H A



Pdf көрінісі
бет143/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   250
Қ Ұ Р С А Қ К І Р П І К Ш Е Л І Л Е Р К Л А С Ы - G A S T R O T R I C H A
Тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, өте ұсақ, 1-1,5 
мм-ге жететін, құрт тәрізді жануарлар. Негізгі ерекшелігі денесінің 
құрсақ жагында кірпікшелері бар, ол құрттың субстратта қозғалып 
жүруіне мүмкіндік жасайды. Бұл белгі құрсақ кірпікшелілердің 
турбеллярияларға ұқсас екенін көрсетеді. Қазіргі кезде құрсақ 
кірпікшелілердің 160-тан астам түрі бар.
Құрылысы мен физиологиясы. 
Құрсақ кірпікшелі құрттардың 
құрылысы өте қарапайым, бүл олардың төменгі сатыдагы құрттарға 
жататынын көрсетеді. Тұщы суларда тіршілік ететін түрлерінде 
денесінің алдыңгы жагында бас бөлімі аздап бөлініп, ал артқы ұшы 
кішкене екі айыр (аша) тәрізденіп бітеді, оларда кілегейлі жабысқақ 
бездер орналасқан (84-сурет).
Құрсақ және алдыңғы бөлімін цилиндр пішінді клеткалардан 
тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін 
кірпікшелер қаптап тұрады, ал денесінің басқа бөліктері жұқа 
кутикуламен жабылган. Құрсағындагы кірпікшелер тұтас, не сирек
не қатарласып орналасқан.
Құрсақ кірпікшелілердің тері-бұлшықет қапшығы болмайды, тек 
ұзына бойы созылып орналасқан тегіс бұлшықеттері бар. Алгашқы 
қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.
Ac қорыту жүйесі 
алдыңғы жағында аузынан басталып, артқы 
жағында аналь тесігімен аяқталады. Үш қырлы жұтқыншағы
222


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
84-сурепи
Құрсақ кірпікшелі құрттар: A - сыртқы көрінісі (қүрсақ жағынан);
Б -ішкі құрылысы; В - тұщы суда тіршілік ететін Chaetonotus maximus;
1 - ауыз, 2 кілегейлі бездер, 3 - кірпікшелі шұңқыр, 4 - қылтандар, 5 - кірпікшелер, 
6 - протонефридия, 7 - зәр шығару тесігі, 8 - аталық жыныс тесігі,
9 - аналық жыныс тесігі, 10 - аналь тесігі, 11 - ганглий, 12 - нерв бағанасы,
13 - жұтқыншақ, 14 - өңеш, 15 - ортаңғы ішек, 16 - аталық без, 17 - аталық жол, 
18 - жұмыртқа, 19 - жатын, 20 - аналық жол
энтодермальды ортаңғы ішекке және эктодермальды артқы ішекке 
жалғасады (84-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет