Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Ж¥МЫР Қ¥РТТАР (NEMATHELMINTHES) ТИПІНІҢ



Pdf көрінісі
бет151/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   250
Ж¥МЫР Қ¥РТТАР (NEMATHELMINTHES) ТИПІНІҢ
ФИЛОГЕНИЯСЫ
¥зақ уақыт бойы жұмыр құрттар типінің шығу тегі белгісіз болып 
келді. Тек, соңғы кезде, негізгі кластарын нақтылы зерттегеннен 
кейін, бұл типтің шығу тегі кірпікшелі құрттармен (Turbellaria) 
байланысты екені байқалды. Шынында да, кірпікшелі құрттармен 
ұқсастық белгілері жұмыр құрттардың әрбір кластарында байқалады. 
Коловраткалар мен құрсақ кірпікшелілерде денесінің кейбір жер- 
лерінде кірпікшелері сақталған. Бұл кластарда зәр шығару жүйесі 
протонефридиялы түрінде. Нағыз жұмыр құрттар және құрсақ 
кірпікшелілер класы нерв жүйесінің құрылысы жағынан кірпікшелі 
құрттарға ұқсас. Құрсақ кірпікшелілер, нематодтар және кино- 
ринхалар класының жұтқыншақ құрылысы тік ішекті турбел- 
ляриялардың жұтқыншағына ұқсас. Жыныс жүйесі, дара жыныс- 
тылығы болмаса, басқа жағынан турбелляриялардың жыныс жүйе- 
сімен бірдей. Коловраткалардың аналық жүйесінде сарыуыз безі 
бар. Осылардың барлығы жұмыр құрттар типінің арғы тегі кірпік- 
шелі құрттар деуге толық негіз береді.
Жұмыр құрттар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы - 
бірінші дене қуысының (схизоцель) және аналь тесігінің болуы. Бірақ 
бұл белгілер типтің прогрессивті дамуы нәтижесінде өзгерген. 
Жұмыр құрттардың әрбір кластарының өзінің құрылысы жағынан 
турбелляриялардан ерекше: кутикуланың болуы (нематодтарда); 
жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы (нема­
тодтар, коловраткаларда); сақина тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, 
жұтқыншақ айнала нерв сақинасының болуы (нематодтарда); 
айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш 
мастакс
233


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
бөлімінің түзілуі (коловраткаларда) т. б. Бірақ бұл ерекшеліктердің 
барлығы жекелеген мүшелер мен тканьдерінде болады, ал денелерінің 
жалпы құрылысындағы негізгі белгілері арғы тектерінің және кластар 
арасындағы филогенездік сабақтастықты көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет