Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HELIOZOA



Pdf көрінісі
бет19/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   250
КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HELIOZOA
Күнтәрізділер негізінде тұщы суларда тіршілік етеді. Кейбіреулері 
теңізде де кездеседі. Денелері шар тәрізді (5-сурет). Цитоплазма екіге 
бөлінген: тығыз ұсақ түйіршікті ішкі эндоплазмаға және вакуольді 
сыртқы эктоплазмаға. Орталық капсуласы және минеральды қаңқасы 
болмайды, тек кейбір теңізде тіршілік ететін түрлерінде кремнеземнен 
құралған тор тәрізді қаңқалары болады. Жыныссыз жолмен көбейеді
кейбіреулері ғана жынысты жолмен көбейеді. Түрлері өте аз. Негізгі 
өкілдері Actinosphaerium eichhorni, Actinophrys sol.
35


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ 
MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ
FLAGELLATA
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері 
жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және 
адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті 
ауруларды туғызады.
Талшықтылардың негізгі белгісі 
бір, екі немесе бірнеше тал- 
шықтың болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, 
қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының 
құрылысы бірдей болып келеді. Талшық клетка бетінен сыртқа карай 
шығып тұратын ұзынша келген бос бөлігінен және эктоплазманың 
қоюлығына батып тұратын базальды денешік немесе кинетосомадан 
құралған. Электрондық микроскоп арқылы қарағанда талшықтың 
күрделі құрылысын да байқауға болады. Оның сыртын үш қабатты 
мембрана қаптап тұрады, ол клетканың мембранасының жалғасы, ал 
мембрананың астында (ішінде) үзына бойы созылып жатқан 11 жіп- 
шелердің (фибрилдердің) бар екендігі байқалады, екеуі қалың 
(әрқайсысы 25 нм) орталық фибрилла, ал қалған тоғыз фибрилдері 
екі орталық фибрилді қоршап жатады. Әрқайсысы екі түтікшеден 
тұрады. Фибрилдердің толқынды тербелісі арқылы қарапайымдылар 
қозғалысқа келеді.
Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін 
айналымды жасайды.
Талшықтылардың кейбір түрлері (Rhizomastigina отрядының 
өкілдері) талшықтарымен қатар жалған аяқтарын (псевдоподия- 
ларын) да шығарып амеба тәрізді қозғала алады, бірақ еш уақытта 
талшықтарын жоймайды. Осы белгі талшықтылар класының сарко- 
диналар класымен жақын екендігін көрсетеді және бүл кластарды 
бір типке Sarcomastigophora-ға жатқызады.
Талшықтылардың клеткасы сыртынан мембранамен қапталған. 
Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті 
эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула 
деп аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың 
денесі өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзын- 
ша сопақтау, цилиндр, шар, эллипс пішіңдес болып келеді. Кейбі- 
реулерінің құрамында темір тұздары бар сауыттары болады.
Талшықтылардың көбісінде клетка бір ядролы, тек опалинина 
отрядының өкілдерінде ядролары көп. Жиырылғыш вакуолі жақсы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет