ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ГРЕГАРИНАЛАР КЛАСЫ
GREGARININA
Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе
олар насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген дене-
сінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді.
Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Экто-
плазмасында ұзына бойы және көлденең жатқан фибриллалары
(мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәти-
жесінде грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға қарай
сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде жылжымай бір жерге жабы-
сып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.
Нағыз грегариналар отряды - Eugregarinida
Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік
тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша -
пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма
жатады, ол плазмалык перделер түзеп, грегаринанын. бір клеткалы
денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке
ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек
клеткаларына бекініп тұрады. Екінші
протомерит, цитоплазмаға
толған, ядросыз бөлік. Үшінші дейтомерит, ядро орналасқан үлке-
нірек болып келген бөлік (11-сурет). Осындай үш бөлімді құрылысты
грегариналарды Серһаііпа деген отряд тармағына жатқызады.
Баскаларының денесі бөлімдерге бөлінбей, денелері кұрт тәрізді не
шартәрізді жануарлардың дене қуыстарында тіршілік етеді. Бұларды
Асерһаііпа отряд тармагына жатқызады.
Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-
біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабы-
сып, сизигия түзейді (12-сурет). Содан кейін әрқайсысының денесі
жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады.
Екі грегаринанын ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп,
көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай
жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. Алдың-
ғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп
атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. Гаметалар
қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып
ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді.
Ядро бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз
48