Тыныс алу жүйесі.
Барлық Tracheata сияқты, көпаяқтылар тек
трахея арқылы тыныс алады. Жоғарыда көрсетілгендей, трахея
357
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
эктодермальды, сыртқы хитинді кутикула жабыны дененің ішкі жағы-
на қарай ығысып, трахея түтікшесінің шоғырын құрайды. Олар ұзына
бойы және көлденең орналасқан трахея түтіктеріне айналып, олардан
тарамдалған жіңішке трахеолалар әрбір клетканы, мүшені орап,
оларды оттегімен қамтамасыз етеді. Трахея жүйесінің ішкі қабырға-
лары хитинді сақиналарымен астарлаған, сол себептен олар қабыс-
пайды, ауа еркін өтеді. Трахея жүйесі жұп стигмалардан немесе ты-
ныс алу тесігінен басталады. Олар тұлға сегменттерінің бүйір жағында
орналасқан. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттері
жұптасып қосылғандықтан стигмалары да екі жұпты. Бұлардың сег-
менттерінде бір-біріне қатыссыз және тармақталмаған трахея шоғы-
ры жұбымен жатады.
Chilopoda класс тармағының көптеген түрлерінде жұп стигмалары
сегмент сайын емес, кезектесіп орналасқан, ал Scutigera туысының
өкілдерінде тек 7 жұп стигмасы болады.
Трахеядағы газ алмасу процесі бүлшықеттердің жиырылып
босаңсуы арқылы дене көлемінің өзгеруі нәтижесінде жүреді.
Қан айналу жүйесі.
Көпаяқтылардың жақсы дамыған жүрегімен
қоса, перифериялық қан тамырлары да бар. Жүрегі нәзік, мөлдір
түтік, ішектің үстіңде тұлғаның бойымен бүкіл денесінде созылып
жатады. Артқы жағы тұйық немесе екі қысқа түтікшеге жалғасқан.
Жүрек, дене сегменттеріне сәйкес, камераларға бөлінген, әрбір каме-
рада остия деп аталатын екі тесігі болады (қақпақшамен ашылып
жабылатын). Diplopoda класс тармағыңда, сегменттері қосарланған-
дықтан жүректің бір камерасында екі жұп остиясы болады.
Жүрегі мига бағытталған бас аортасына жалғасады. Ерінаяқты-
лардың (Chilopoda) қан айналу жүйесі өте жақсы дамыған, мига
бағытталған бас аортасынан артерия сақинасы шыгып, ол ішекті айна
лып өтіп, құрсақ нерв тізбегінің үстінде ұзына бойы орналасқан кур-
сак қан тамырына жалғасады, сондай-ақ жүректің әр камерасынан
екі бүйірлік артерия шығады. Жүрек ерекше қанат тәрізді бұлшық-
еттердің көмегімен дененің қабырғасына бекіп тұрады. Жүректен
шыққан қан тамырлары (бас аортасы, бүйірлік артериялар, қосымша
артериялар) денеге тарап, кейін үзіледі де, гемолимфа (қан) дене
қуысына немесе миксоцель (аралас) қуысына құйылады, яғни қан
айналу жүйесі ашық. Дене қуысынан гемолимфа жүрек маңы (пери
кардия) қуысына өтіп, одан остия арқылы жүрекке барады. Қанат-
тәрізді бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде жүрек камералары
да жиырылып, гемолимфаны артқы жақтан алдына қарай айдайды.
3 5 8
ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Құрсақ қан тамырында гемолимфа қарама-қарсы бағытта (алдыңғы
жақтан артқа қарай) жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: |