Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


-сурет. ¥йқы ауруымен ауырған адам  (төменде), ауруды тасымалдаушы це-це  шыбыны Clossina palpalis (жоғарыда) 43



Pdf көрінісі
бет24/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   250
9-сурет.
¥йқы ауруымен ауырған адам 
(төменде), ауруды тасымалдаушы це-це 
шыбыны Clossina palpalis (жоғарыда)
43


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ұзын, артқы жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос 
бітеді. Талшық пен клетка мембранасының арасында толқын тәрізді 
жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипа- 
носомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан клеткалары мен 
тканьдерінде паразиттік тіршілік етеді. Trypanosoma rhodesiense 
адамда болатын “ұйқы ауруын” қоздырушы. Бұл ауру Африкада 
көп тараған. Трипаносоманы ауру адамнан сау адамға тасушы це­
це шыбыны (Glossina palpalis және Gl. morsitans) (9-сурет). Тг. 
rhodesiense ақбөкендердің қан клеткаларында кездеседі, бірақ оларға 
оншалық зақым келтірмейді. Сөйтіп бөкендер аурудың табиғи резер­
вуары болады, олардан це-це шыбыны трипаносомаларды адамға 
жұқтырады.
Tr. evansi, Tr. brucei ірі кара мал мен түйені өлімге әкеп соғатын 
“су ауру” деген ауруға шалдықтырады. Ауруды жұқтыратын - сона- 
лар және Glossina туысындағы шыбындар. Tr. equiperdum жылқы-
10-cypem.
Leischmania tropica: A - клетка ішіндегі паразиттер; 1 - лейшманиялар, 
2 - клетканың ядросы; Б - лейшманиялар қолдан жасаған қоректік ортада;
1 - талшық, 2 - ядро; В - пендинка ауруы; 1 - жаралар; Г Phlebotomus papatasii - 
москит (ауруды тасымалдаушы)
44


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ларда болатын “шағылыс ауруын” қоздырушы. Ауру бір жылқыдан 
екінші жылқыға шағылысу кезінде таралады. Трипаносома жылқының 
орталық нерв жүйесін зақымдайды, жылқы арықтайды және терісі 
қатпарланып кетеді.
Лейшмания (Leischmania) туысының өкілдері ұсақ, көлемі 2-4 
мкм, адамның клеткаларының ішінде паразиттік тіршілік етуіне 
байланысты олардың талшықтары жойылған, ал қолдан жасаған 
қоректік ортада және лейшманияларды тасымалдаушы насеком- 
дардың ішегінде олар өздерінің ұзын талшықтарын қайтадан шыға- 
рады (10-сурет). Лейшмания ауруларын жұқтырушы 
флеботомус 
(Phlebotomus) туысына жататын ұсақ насекомдар москиттер болады 
(1 0 ,Г -с у р е т ). 
Лейшманиоз аурулары Кавказда және Орта Азияда көп 
тараған. Адамды осы ауруға шалдықтыратын негізгі өкілдері: 
Leischmania tropica және L. donovani (10,А,Б-сурет). L. tropica (10,В- 
сурет) адамның тері ауруын немесе пендинканы туғызады. Бұл ауруға 
шалдыққан адамның терісінде терең ойық жаралар пайда болады, 
олар баяу жазылып, орнында кетпейтін тыртық қалдырады.
Leischmania donovani адамның ішкі лейшманиоз немесе висце- 
ральдық лейшманиоз деген ауруын коз дыру шы. Бұл ауруға ұшыра- 
ған адамның бауыры мен талағы ісінеді және теріге қан құйылады. 
Лейшманиоз ауруларымен иттер және құмды шөлейттердегі әр түрлі 
кемірушілер ауырады. Олардың да ауруларын тасымалдаушы 
москиттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет