Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ -



Pdf көрінісі
бет35/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   250
КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ -
CILIOPHORA
Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 
7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі 
ядросының болуы үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішке- 
не генеративті - микронуклеус.
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - 
Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузо- 
риялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде 
болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы 
кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады.
КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - CILIATA
Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, 
су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның 
арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 
40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер 
қаптап тұрады. Кірпікшенің қүрылысы талшықтың құрылысына өте 
ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 
9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз 
және жынысты конъюгация жолымен көбейеді.
Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі инфу­
зория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum (20-сурет). 
Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып
61


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жүретін күрделі құрылысты қарапайым 
жәндік.
Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тү- 
рады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзын- 
дау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметі- 
мен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызме- 
тін де атқарады.
Ауыз ойықтың айналасында толқын 
тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембра- 
нелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплаз­
ма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма 
қабаты сыртынан мықты майысқақ пелли- 
куламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы 
және екі ішкі мембранадан құралған. Пелли- 
куланың сыртын алты бұрышты, қатар орна- 
ласқан құрылым жауып тұрады, соған байла- 
нысты парамеция денесінің пішіні өзгер- 
мейтін түрақты болып келеді.
Пелликуланың астында бір-бірімен 
ұштасып жатқан фибрилл торы болады - 
олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма 
қабатында қорғаныш қызметін атқаратын 
қысқа таяқшалар 
трихоцисталар орна- 
ласқан. Олар тітіркенген кезде ұзын, серпін- 
ді жіпше түрінде сыртқа атылады.
Инфузория денесінің алдыңғы жағында 
ауыз ойығы немесе перистомы болады. 
Перистомның түп жағында ауыз тесігі 
немесе цитостом орналасқан, ол “жұтқыншақка 
цитофаринкске 
жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ 
организмдермен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдыр- 
лармен, ұсақ қарапайымдылармен).
Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде 
қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншакка түсіп 
жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері қоректік 
затқа толып, цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту вакуольдері дененің 
ас қорыту циклозы (айналымы) жолымен қозғалады, ферменттер 
арқылы асты қорытып, плазмаға өткізіп тұрады. Сіңбеген қал- 
дықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет