ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
19-cypem.
Микроспоридия: А - спораның құрылысы;
Б - ішектің ішіндегі шизонттар және споралар; 1 - ядро, 2 - жіпше
спороплазма және бұранда сияқталып оралған атқыш жіпшесі орна-
ласқан. Спора өз иесіне түскеннен кейін атпа жіпшесі атылып, ішектің
эпителиіне енеді. Жіпшенің ұзындығы
спораның ұзындығынан он есе
немесе одан да көп ұзын болады.
Жіпшемен бірге спорадан амеба тәрізді ұрық - спороплазма да
шығады. Спороплазманың спорадан шығу әдісі әлі толық зерт-
телмеген. Кейбір зерттеушілер спороплазма жіпшенің ұшына жабы-
сып
тұрады деп есептейді, ал басқа зерттеушілердің айтуы бойын-
ша жіпше түтікше тәрізді, спороплазма сол түтікше арқылы шығады.
Иесінің клеткасына түскен ұрық спороплазма тез көбейе бас-
тайды, соның нәтижесінде тізбек сияқты тізіліп көп ядролы плазмо-
диялар пайда болады. Соңында бір
клеткалы споралар құралады
(19,Б-сурет).
Микроспоридиялардың спораларында атпа жіпшелерінің
болуына байланысты бұларды миксоспоридиялармен бірге книдо-
споридия типіне жатқызған. Бірақ кейін электронды микроскоппен
зерттеу нәтижесінде бұл белгі тек сыртқы ұқсастық екені анықталды.
Микроспоридиялардың миксоспоридиялардан айырмашылығы:
спораларының кұрылысы онша күрделі емес,
атқыш капсуласы
60
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
болмайды, споралары бір клеткалы, бұлар клетка ішінде болатын
паразиттер.
Кейбір микроспоридиялар қауіпті паразиттер. Мысалы, Nosema
bombycis тұт жібек көбелегінің жұлдыз құртында болатын “пебрина”
деген ауруды қоздырады. N. apis бал арасында болатын “іш өтуі”
деген ауруды қоздырушы. Микроспоридиялардың бірнеше түрлері
балықтарда
кездеседі, бірак оларға көп зиян келтірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: