Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет7/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   250
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің “Табиғат системасы” 
(Systema naturae, 1735) деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен 
жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына 
сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді туысқа, 
туыстарды отрядтарға, ал отрядтарды класқа біріктірді. К. Линней 
өсімдіктердің 7540 түрін зерттеп, оларды 24 класқа бөлді, ал жануар- 
лардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6 класқа бөлді: 1) Сүтқоректілер 
Mammalia; 2) Қүстар Aves; 3) Хайуандар - Amphibia бауырымен 
жорғалаушылар мен қосмекенділер; 4) Балықтар 
Pisces; 5) Насе- 
комдар Insecta; 6) Құрттар Vermes (бұл класқа моллюскалар және 
басқа да омыртқасыз жануарларды жатқызған).
К. Линнейдің өсімдіктер мен жануарлардың түр және туыс 
аттарын латын тілінде атауды ұсынуы ең негізгі бағалы жаңалығы 
болды. Мүны ғылымда қосарлы немесе бинарлық (“би” 
екі) 
номенклатура деп атайды. Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары 
түрлерді косарлы аттарымен атауды қолданып келеді. Мысалы, Сі- 
mex lectularius төсек қандаласы, С. hirundinis - құс қаңдаласы, Та- 
banus sabuletorum кұм сонасы, Т. subsabuletorum тоғай сонасы, Т. 
brunneocallosus тақыр сонасы, Т. bovinus 
өгіз сонасы. Түрлердің 
барлық особьтары үшін туыс аты ортақ болады. Мысалы, төсек және 
құс қандаласына Сітех туыс аты ортақ. Ал соналарға Tabanus туыс 
аты ортақ. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады.
К. Линней ботаника тіліне өзгерістер енгізіп, ботаникалық тіл 
қорын жетілдірді. Ботаникадан еңбектері: “Ботаника негіздері”, 
“Ботаника философиясы”, “Өсімдіктер туыстары”, “Өсімдіктер 
түрлері” т. б. К. Линней табиғат туралы метафизикалық түсініктерді 
толық қуаттап, түр өзгермейді жаратушы қанша түр жаратса, сонша 
түр тіршілік етеді деген үғымда болған.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында 
органикалық дүние жөнінде эволюциялық көзқарастар тұрғысынан 
пікірлер айтыла басталды. Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707- 
1788) өзінің “Табиғат тарихы” (1749) деген еңбегінде үй жануар- 
ларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеген.
Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз ғалымы Жан Батист 
Ламарк (1744-1829) болған. Ол өзінің “Зоология философиясы” 
(1809) деген еңбегінде, жер тарихының үзақ жылдар бойында 
сыртқы ортаның әсерінен организмдердің үздіксіз өзгеріп отыра- 
тындығын көрсеткен.
Ж. Б. Ламарк систематиканың дамуына көп еңбек жасады. Ол
14


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
барлық жануарларды екі топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар, 
омыртқалы жануарлар. Омыртқасыз жануарларды 10 класқа 
топтастырды: 1. Инфузориялар класы. 2. Полиптер. 3. Сәулелілер. 4. Құрт- 
тар. 5. Насекомдар. 6. Өрмекшітәрізділер. 7. Шаянтәрізділер. 8. Буылтық 
құртгар. 9. Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы шаянтәрізділер). 10. Мол- 
люскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа топтастырды: 1. Ба- 
лықтар класы. 2. Бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер класы. 
3. Құстар. 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген жануарларды 
Ж. Б. Ламарк сатылай орналыстырды, 
оның төменгі сатысына 
инфузорияларды, полиптерді (құрылысының күрделілене түсуіне 
байланысты жоғары сатыға көтеріледі), жоғары сатысына күстар мен 
сүтқоректілерді орналастырды. Тірі организмдер құрылысының 
күрделілене түсуін Ж. Б. Ламарк “градация” (жоғары көтерілу) деп 
атады. Организмдер құрылысының күрделіленуін Ламарк, олардың 
іштей прогреске ұмтылушылық қабілеті болуынан деген пікірде 
болған.
Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832) 
салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің 
негізін салды. Сонымен катар систематиканың да дамуын жал- 
ғастырды. Ж. Кювье және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы сис- 
темаға “тип” деген ұғым енгізді. Жануарларды олар 4 типке бөлді: 
1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ денелілер, 3) бунақтылар 
(мүшелілер), 4) сәулелілер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет