ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі орга-
низмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына
сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы
ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады.
Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір
сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене қүрылысының
өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік
A. Н. Северцовтың айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің негізгі
мүшелерінің құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік
әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, организмдердің
тіршілік қабілетін арттырады.
Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында организмдерде
ірі өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық
жағынан едәуір күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады.
Мысалы, жануарлар дүниесінде болған белгілі бір ірі ароморфоз-
дардың салдарынан - бір клеткалы эукариотты қарапайым жәндіктер,
коп клеткалы, екі қабатты, сәулелі симметриялы, үш қабатты және
екі жақты симметриялы жануарлар пайда болған. Типтер, кластар
сияқты ірі систематикалық топтар ароморфоз жолымен шыққан.
Организмдердің ортаға бейімделу жолдары сан алуан. Болмашы
өзгерістер организмнің құрылым деңгейін және тіршілік қарқынын
арттырмайды. Мұндай өзгерістер “жеке бейімделушіліктер - идио-
адаптация” деп аталады. Мысалы, жаңа жағдайға бейімделуіне бай-
ланысты су түбінде тіршілік ететін скат тұқымдастарының денесі
жалпайған, арқасы құрсағына қабысқан, құйрық қанаттары жойыл-
ған және реңі су түбіндегі топырақ түстес болып келеді. Осы өзге-
рістердің бәрі су түбіндегі тіршілік қалпына сәйкес “жеке бейімде-
лушіліктер” болып табылады. Мұнда скаттардың құрылысында
ешқандай күрделілену болған жок. Түрлер, туыстар, тұқымдастар
сияқты ұсақ систематикалық топтар идиоадаптация жолымен шық-
қан.
Әрбір тірі организм біртұтас, оның жүйелері, бөліктері мен
мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты. “Корреляция” немесе
мүшелердің бір-біріне қатысты даму заңдылығын Ж. Кювье (1812)
ашты. Жануарлардың эволюциялық дамуында белгілі бір мүшенің
қызметі (функциясы) және құрылысы өзгерсе, соған сәйкес корре-
лятивті өзгерістер басқа мүшелерде де байқалады. Мысалы, буынаяқ-
тыларда эволюциялық дамуының нәтижесіндегі прогрессивті өзге-
рістерінің бірі - хитинді кутикулярлы сыртқы қаңқасының пайда
9
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
болуы. Хитинді қатты кутикуланың пайда болуы басқа мүшелерге
эсер етпей қоймады. Тұтас жатқан тері
бұлшықет қапшықтары
қатты кутикула астында қызметін атқара алмай, жеке-жеке орналас-
қан бұлшыкеттерге бөлінді; екінші реттік қуыс (целом) тірек қызметін
жойып, аралас қуысқа (миксоцель), негізінен тасымалдаушы
(трофикалық) қызметін атқаруға айналды. Дененің өсуі тек түлеу
арқылы жүретін болды, т. б. Міне, кутикуланың пайда болуы, басқа
мүшелердің функциясы мен құрылысының өзгерісіне себеп болды.
Палеонтологтар осы “корреляция” әдісін қолдана отырып, жойылып
кеткен жануарлардың қалдықтарына қарап, олардың бейнесін
анықтай алады.
Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды
анықтауға биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер,
1864, Геккель, 1866, Северцов, 1939). Биогенетикалық заң бойынша
әрбір жеке организм өзінің оқшау дамуында (онтогенезде) ертедегі
арғы тектерінің тарихи даму процесіндегі (филогенездің) өте маңыз-
ды өзгерістерін қайталап отырады, немесе онтогенез филогенездің
қысқаша қайталануы. Ұрықтың және личинканың дамуын зерттей
отырып, тіпті, бір-бірінен алшақ тұрған жануарлардан ортақ туыс-
тық белгілерді табуға болады. Бүл онтогенез бен филогенездің ара-
сындағы терең байланыстылықты көрсетеді.
Органикалық дүниенің тарихи дамуының заңдылықтарын,
эволюциялық процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күш-
терін, ағылшын галымы Чарльз Дарвин “Табиғи сүрыпталу жолымен
түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен
түқымдардың сақталып қалуы” (1859) деген классикалық еңбегінде
дәлелдеп берді.
Органикалық дүниенің тарихи даму (эволюция) заңдарына,
палеонтологиямен бірге салыстырмалы анатомияга, эмбриологияга
сүйене отырып, жануарлардың эволюциялық дамуын, шығу тегін
анықтауға болады. Кейінгі кезде тіршіліктің тарихи дамуы туралы
мәліметтердің қатарын бағалы мәліметтермен толықтыруда экспе-
риментальды зоология мен биохимияның маңызы артып келеді.
Жануарларды зерттейтін гылым
зоология (Zoon
грек тілінде
жануар, logos —
ғылым, ілім). Зоология —
жануарлар әлемінің алуан
түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі кұрылысын, зат алмасу про-
цесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын,
дамуын, шығу тегін, тарихи даму зандылықтарын, табиғаттағы және
адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.
Зоология басқа да биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты:
10
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
морфологиямен және анатомиямен (организмдердің сыртқы және
ішкі құрылысын зерттейтін ғылым); гистологиямен (тканьдердің
микроскопиялық құрылысын зерттейтін ғылым); физиология және
биохимиямен (организмдердің және олардың мүшелерінің функцио-
нальдық қасиеттерін, құрамының химиялық өзгеріске үшырау
процестерін зерттейтін ғылым); цитологиямен (клеткалардың
құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ғылым);
эмбриологиямен (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ұрықтық
даму зандылықтарын зерттейтін ғылым); генетикамен (организм-
дердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы ғылым); экологиямен
(организмдердің
қоршаған
ортасымен
қарым-қатынастық
заңдылықтарын зерттейтін ғылым); палеонтологиямен (құрып кеткен
қазба организмдерді зерттейтін ғылым); систематикамен (организм-
дерді туыстық топтарға жіктеу және олардың эволюциялық, дамуы-
ның тарихи тізбегін анықтау туралы ғылым).
Жануарлардың алуан түрлерін зерттей отырып, олардың
ерекшеліктеріне және әр түрлі зерттеу мақсаттарына, әдістеріне
қарай зоология - бірнеше салаларға бөлінеді: протистология немесе
протозоология - қарапайымдыларды зерттейтін ғылым; гельминто
логия - құрттарды (паразиттік тіршілік ететін); карцинология - шаян-
тәрізділерді; арахнология - өрмекшітәрізділерді; акарология - ке-
нелерді; энтомология
насекомдарды (бунақ денелілерді);
малакология
моллюскаларды (жұмсақ денелілерді); ихтиология -
балықтарды; герпетология қосмекенділер мен бауырымен жорғалау-
шыларды; орнитология - қүстарды; териология (маммология) -
сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор
және алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып
табылады. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май,
сүт, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді.
Жануарлардың пайдасы мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл
шаруашылық дақылдарын тозаңдатушылар, топырақ түзушілер,
басқа жануарларга азықтық қорлары мен органикалық заттардың
ыдыратушылары болып келеді.
Жануарлардың осындай пайдасымен қатар ауыл шаруашылығына
көптеген зиян келтіретін түрлері де бар: шегірткелер, кейбір көбе-
лектер, қоңыздар, кенелер, бауыраяқты моллюскалар, кемірушілер
отрядына жататын тышқандар. Сонымен қатар жануарлардың кейбір
түрлері адамға және басқа жануарларга ауруларды таратушылар,
11
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ауруларды қоздырушылар және тікелей паразиттері болып табылады
(масалар, соналар, кенелер, дизентериялық амебалар, лейшманиялар,
бауыр сорғыштар, аскаридалар).
Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғатқа жасаған ықпалынан
көптеген жануар түрлерінің саны едәуір азайып кетті, ал кейбіреулері
мүлдем жойылып кетті. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау пробле-
малары, сонымен қатар фауналық ресурстарды үнемдеу бірінші
орынға шықты. Табиғатты қорғау және оны бірқалыпты сақтау
туралы көптеген мемлекеттік құжаттарда айтылған. Арнаулы “Қызыл
кітапқа” дүние жүзіндегі құрып бара жатқан және саны күрт азайып
кеткен жануарлар мен өсімдіктер туралы бірнеше құнды мағлүматтар
енгізілген.
Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді
пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология гылы-
мының басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |