Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет6/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
ЗООЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер 
адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар 
өздері аулаған жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер 
қабырғасындагы тастарга және күркелерінде қалдырған сүйектерге 
ойып салып отырған. Мысалы: Австрия үңгірлерінің бірінде жүрегі 
айқын көрсетілген піл суреті бар. Сонымен қатар аралар балын жинап 
жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар бізге қазба қалдықтарын 
зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына 
ең алғаш жол ашкан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель 
(384-322, IV ғасыр біздің заманымызға дейінгі) болды. Аристотель 
жануарлар классификациясын жасап, зоология систематикасынының 
негізін салған. Ол жануарлардың 500-ден аса түрлерін зерттеп, оларды 
2 топқа бөлген:
1) “энойма” 
қаны бар жануарлар; 2) “анойма” 
қаны жоқ 
жануарлар.
Бірінші топқа, 
қанды жануарларға: 1) тірі туатындарды (аң-
дарды); 2) құстарды; 3) бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенді- 
лерді; 4) балықтарды жатқызды.
Екінші топқа, қансыздарға: 1) басаяқты моллюскаларды; 2) шаян-
12


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тәрізділерді; 3) моллюскаларды (басаяқтылардан басқа); 4) насе- 
комдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.
Төменгі сатыдағы ұсақ жәндіктерді үшінші “chaos” 
тобына 
жатқызды.
Аристотель көптеген кітаптар жазған. Ол насекомдардың толық 
және шала дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, сүтқо- 
ректілердің зәр шығару және жыныс мүшелерін айқын бейнеледі, 
сүтқоректілерді жұптұяқтыларға, балықтарды шеміршектілер мен 
қатты сүйектілерге бөлді. Аристотель “Жануарлар тарихы” деген 
еңбегінде жануарлар туралы көзқарасын білдіре отырып, жануар- 
лардың және адамның сыртқы және ішкі мүшелеріне сипаттама 
берді, ал бұл жануарлардың салыстырмалы анатомиялық сипат- 
тамасына алып келді. Аристотель “Жануарлардың дене бөліктері 
туралы” еңбегінде организмдерде бірыңғай тканьдер және бірыңғай 
емес “мүшелер” бөлімдерін ажыратты, ал “Жануарлардың пайда 
болуы туралы” еңбегінде жануар мен адам эмбриологиясы туралы 
айтты. Аристотель өз еңбектерінде суреттерді негіз етіп алған, бірақ 
олардың көбісі сақталмаған. Аристотельдің бірінші зоологиялық 
сипаттамасы көп уақыт бойы қолданылып келеді.
Орта ғасырда жануарлар жайындағы алғашқы түсініктердің 
бастамалары әрі қарай дами алмады, өйткені феодалдық коғам 
жағдайында табиғатқа тәжірибе жасау және зерттеу жұмыстарын 
жүргізу діннен тайғандардың ісі деп саналып, зерттеушілер қатты 
қуғынға ұшыраған. Тек XV ғасырдан бастап капитализмнің
өнеркәсіптің, сауданың дамуымен қатар зоология да дами бастады.
XVI-XVII ғасырларды жинақтау ғасыры деп атауға болады. 
Жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы негізгі түсініктер қалыптаса 
бастады. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың ішкі құрылысы туралы 
да шығармалар шыға бастады. Олардың авторлары швед ғалымы 
К. Геснер және француз ғалымдары Г Ронделе, П. Белона.
Зоологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон 
ван Левенгук (1632-1723) және ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635- 
ПОЗ). А. Левенгук қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап
тұңғыш рет бір клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдік 
тозағашының құрылысын зерттеп, оның клеткадан тұратынын 
анықтады. Р Гук “Микрография немесе үлкейтетін шыны арқылы 
ұсақ денелілердің физиологиясын бейнелеу” (1665) деген еңбегінде 
тұңғыш рет “клетка” ұғымын қолданды.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаган
13




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет