Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Тыныс алу және қан айналу жүйесі



Pdf көрінісі
бет149/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   250
Тыныс алу және қан айналу жүйесі 
болмайды.
Нерв жүйесі 
қарапайым құрылысты, жұтқыншақ үсті ганглиядан 
және одан жан-жағына тараған нерв талшықтарынан тұрады. 
Солардың ішінде екі бүйір нерв талшығы ғана дененің аяқ бөліміне 
дейін жетеді.
Сезім мүшелері 
- қарапайым көздер және шоғырланып орна- 
ласқан қылтанақтар. Көздері - қызыл пигмент бокалдың ішінде 
орналасқан жарық сәуле өткізгіш көз жанары түрінде.
Жыныс жүйесі. 
Коловраткалар дара жыныстылар, жыныстық 
диморфизмі байқалады. Аналықтары ірі, аталықтары өте ұсақ, 
ергежейлі.
Денесінің артқы бөлімінде орналасқан аналық безі сарыуыз безіне 
жалғасып, одан шыққан аналық жолы клоакаға ашылады. Аталық 
безі де аталық жолы арқылы клоакаға ашылады. Шағылыс мүшесі 
(cirrus) бар.
Коловраткалардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар 
тірідей туатын түрлері де бар. Жұмыртқалары қабыршақпен қаптал-
ған, көп жағдайда жұ- 
мыртқалар сабақшасы ар- 
қылы анасының денесіне 
(аяғына) жабысып тұрады.
Дамуы 
және тіршілік 
циклі басқа жұмыр құрт-
4
87-cypem .
Anuraea cochlearis-тың 
жылдық тіршілік циклі: 1 
қыс- 
тап шыққан жұмыртқа, 2-5 - көк- 
темгі және жазғы партеногене- 
тикалық аналықтары амиктика- 
лық жүмыртқаларымен, 6 - күздегі 
партеногенетикалық аналығы 
аталық 
ж ұм ы ртқалары м ен, 
7 - аталығы
2 3 0


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тардан ерекше. Даму жолында екі түрлі ұрпақтың алмасуы немесе 
гетерогония байқалады: партеногенетикалық және қос жынысты. Бұл 
жағдайда партеногенетикалық ұрпақтар амиктикалық жұмыртқа 
(хромосомалары диплоидты) және миктикалық (хромосомалары 
гаплоидты) деп аталатын екі түрлі жұмыртқа салады.
Әдетте көктемде қыстап шыққан жұмыртқадан аналық коло­
вратка шығып, ол ұрықтанбай партеногенетикалық жолмен 
амиктикалық жұмыртқаларды салады. Олардан партеногенетикалық 
аналықтары шығып, амиктикалық жұмыртқаларды салады да, 
осындай даму процесі көктем, жаз бойы жүреді де, партеноге- 
нетикалық аналықтарының бірнеше ұрпақтары пайда болады. Бұдан 
кейін күз айында амиктикалық жұмыртқадан шыққан аналығы 
бүрынгыдан 2-3 есе кіші миктикалық жұмыртқаларды салады, олардан 
өте ұсақ аталықтары шығады да, аналықтарымен шағылысып, содан 
кейін өздері өледі. Осыған байланысты ас қорыту және зәр шығару 
мүшелері аталықтарында нашар дамыған. Ұрықтанған аналықтары 
енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар ірі, қалың 
қабыршақтармен қапталған, дамуына бірнеше айдан бір жылға дейін 
уақыт қажет. Тыныштық күйдегі жұмыртқалар қыстап шығады да, 
көктемде олардан тек аналықтары шығып, партеногенетикалық 
жолымен амиктикалық жұмыртқаларды салады да, тіршілік циклі 
қайтадан басталады (87-сурет). Сөйтіп бір циклдін ішінде екі түрлі 
ұрпақтың кезектесіп отыруы байқалады. Амиктикалық жұмыртқа- 
ларының дамуы өте жылдам, 3-4 күн гана.
Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай коловраткалар формалары 
моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жыл бойына бір ғана 
даму циклі болса, олар моноциклді (Anuraea cochlearis), екі - дициклді, 
көп - полициклді (Polyarthra trigla). Бірақ сыртқы ортаның (судың 
физикалық, химиялық жағдайлардың) өзгергіштігіне қарай әрбір түр 
бір жылдың ішінде тіршілік циклін өзгертіп тұруы және бір түрдің 
бір аймақтағы әр түрлі су қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі 
болуы мүмкін.
Коловраткалардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы 
құрылысы да (дене пішіні, мөлшері, өсінділері, тікенектері ұзарып, 
қысқаруы) өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикло- 
морфоз деп атайды. Мысалы, Anuraea cochlearis денесінің артқы 
бөліміндегі тікенектері көктемде ұзын болса, жазга қарай қысқарып
күзде жойылып кетеді (87-сурет).
Коловраткалардың тағы бір ерекшелігі 
жеке мүшелер құра-
231


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
мындағы клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta- 
ның жабыны 301 клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғы ішегі - 76, 
жыныс жүйесі - 19, бұлшықеттері 
122, жүйке жүйесі 
247, зәр 
шығару жүйесі - 24, ал жануардың барлық денесі 959 клеткалардан 
тұратындығы дәлелденген. Осыған байланысты коловраткалар реге- 
нерациялық қабілетінен айрылған. Осындай белгісімен коловрат­
калар нематодтарға ұқсас.
Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea, 
Monogononta.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет