ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тәртібін сақтайды, екінші қатардағы
- протоподиттердің денемен
байланысқан жерлерінде, ал үшінші қатардағылары дененің бүйір
қабырғасында орналасады.
Су желбезек қуысына бас қалқаны мен дене арасындағы саңы-
лауы арқылы бір жағынан кірсе, екінші
жағынан шығарылады және
де осы бағыт өзгеруі мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын,
минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші максилланың ерекше
өсіндісі. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда (мысалы, Isopoda
отряды)
желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.
Желбезектерінің ішіне гемолимфа құйылатын дене қуысы жалғасады,
желбезектердің кутикуласы өте нәзік болғандықтан, газ алмасу оңай
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: