ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ұзын және бірдей сегменттелген. Аяғы 12 жұптан (шыбыққұйрық-
тыларда) 375 жұпқа дейін (тропикалық кивсяктарда). Алдыңғы I, 2,
4-ші сегменттерінде аяқтары бір жұптан, ал қалғандарында 2 жұптан
(осыдан да атауы қосжұпаяқтылар), тек соңғы 1-3 сегменттері аяқсыз
(129-сурет).
Сегменттерінің әрқайсысында екі жұп аяқтарының болуы, екі
сегменттің бір-бірімен қосылғандығын көрсетеді, яғни денесінің
төменгі жағында әрбір сегментінің екі стерниті айқын көрінеді,
осылармен бірге екі жұп аяқтары бар. Көпшілігінде денесінің әрбір
сегментінде 1-2 улы қорғаныш бездері бар, шығарған секреттерінің
сұйықтығында синиль қышқылы көп. Дамуы анаморфоз немесе
гемианаморфоз жолымен өтеді. 13 отряды бар. Соның ішінде кивсяк-
тар - Juliformia, шыбыққұйрықтылар Pselaphognatha, көпбайланыс-
тылар
Polydesmoidea, сауытты көпаяқтылар - Oniscomorpha.
Кивсяктар
үш отрядының біріктірілген атауы (Julida, Spirobolida,
Spirostreptida). Үзындығы 1-30 см. Қорғаныш бездерінен шығатын
секреті улы болып келеді.
Дамуы анаморфозды, кейбір түрлеріне периодоморфозы тән, яғни
ересек аталық түрі түлеудің нәтижесінде личинкаға айналады, ол
одан кейін тағы да түлеп ересек түріне айналуы немесе солай личинка
түрінде қалып қоюы мүмкін.
30000-нан аса түрі бар, негізінен тропикалық және субтропикалық
және қоңыржай белдеулерде кездеседі. Негізгі өкілдері: құм кивсягі
(Schizophyllum sabulosum), сұр кивсягі (Sannatoiulus kessleri), теңбіл
кивсягі (Blaniulus guttulatus), қрым кивсягі (Pachyiulus flavipes), бұлар
ормандар
мен
далаларда
мекендейді,
топырақтүзушілер,
кейбіреулері өсімдікке зиян келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: