Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет236/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   250
СИМФИЛАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ 
SYMPHYLA
Ақ түсті немесе сарғыштау болып келген, ұзындығы 1 см-ге дейін 
ұсақ көпаяқтылар, топырақ арасында, түсіп қалған жапырақтардың, 
тастардың астында тіршілік етеді, шапшаң қозғалады. Мұртшалары 
жіп тәрізді ұзын, көпбуынды, үш жұп ауыз аяқтары бар, көздері бол- 
майды. Трахея арқылы тыныс алады, бір жұп стигмалары бас бөлімін- 
де орналасқан. Жүру аяқтары 12 жұп, ал дене сегменттерінің саны 
15-тен 22-ге дейін. Аяқтарының түбінде өте ұсақ өскіндер (грифель- 
калар) және томпайып тұратын дорбалары бар. Осы белгілерімен 
және ауыз аппараттарының құрылысымен симфилалар алғашқы 
қанатсыз насекомдарға ұқсас. Соңғы тұлға сегментінде жұп церка- 
лары орналасқан, оның түбінде өрмек безінің тесігі ашылады. Жыныс 
жүйесі денесінің алдыңғы бөлімінде орналасып, тесігі тұлғаның үшін- 
ші сегментінде ашылады, тек Polyxenellidae тұқымдасында жыныс 
жүйесі артқы бөлімінде. Даму жолы анаморфоз. Үрықтану кезінде 
аталықтары сперматофораларын топыраққа жабыстырып қояды. 
Аналықтары сперматофораны аузымен алып, айрықша жақ қалташы- 
ғына салады да, жыныс тесігінен шыққан жұмыртқаларын аузында 
сақтап, сол жерде оларды ұрықтандырып, содан кейін топыраққа 
түсіреді. 10 күннен кейін жұмыртқадан личинка шығады. Scutigerella 
туысының личинкалары 6 жұп, ал Hanseniella - 7 жұп аяқты. Ересек 
түрлері 6 жыл өмір сүреді.
150-ге жуық түрі бар, барлық аймақтарда (Антарктидадан басқа) 
кең тараған. Негізгі өкілі 
Scolopendrella immaculata, ұзындығы 8 
мм, мекені орталық және оңтүстік Еуропаның орманды аймағы. 
Шіріген өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Кейбір түрлері 
өсімдіктерге зиян келтіреді. Негізгі туыстары: Scolopendrella, 
Scutigerella, Hanseniella (130-сурет).
362


ОМЫРТҚЛСЫЗДАР 
зоологиясы
г
130-сурет .
Көпаяктылар (Myriopoda): A - Scolopendrella immaculata (Symphyla юі 
тармағы); Б - Pachimerium ferrugineum (Chilopoda клтармағы); В - Lithobius forficatus 
(Chilopoda кл тармағы); Г - Polydesmus complanatus (Diplopoda клтармағы);
Д Pauropus silvaticus (Pauropoda кдтармағы); 1 - бас, 2 - антенна, 3 - жақаяқ,
4 - тұлға аяқтары, 5 - аналь тесігі, 6 - мойын бунағы, І-ХІХ тұлға сегменттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет