Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет241/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   250
Шыбыққүйрықтылар 
отрядының өкілдері шіріген ағашта
құмырсқа ұясында, тастардың астында үлкен колония құрып тіршілік 
етеді. Үзындығы 2-5 мм. Жабыны жұмсақ. Трахея және терісі арқылы 
тыныс алады. Денесі тікенекті қылтаншалар қатарымен жабылған
құйрықтың ұшыңда бір шоқ ұзын шашты шашақшасы бар (атауы 
осыдан). 100-ге жуық түрі бар. Бір тұқымдасы бар поликсенидтер 
Polyxenidae. Негізгі өкілдері: кәдімгі шыбыққүйрық (Polyxenus 
lagurus) партеногенез жолымен көбейеді, соқыр шыбыққүйрық 
(Lophoproctus lucidus) Жерорта теңізінде кең тараған, жүзім филоксе- 
расымен (Viteus vitifolii) қоректеніп пайда келтіреді.
Көпбайланыстылар 
отрядының өкілдері жапырақты орманның 
ылғалды жерлерінде, жапырақтардың астында мекендейді. Денесі
36 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
таспиқ тәрізді, 19-20 сегменттен құралған, ұзындығы 0,5-20 см. 
Анаморфоз жолымен дамиды. 15000-ға жуық түрі бар. Негізгі тұқым- 
дастары: нағыз көпбайланыстылар Polydesmidae, стронгилозомдар 
Strongylosomidae. Өкілдері: қара стронгилозома (Strongylosoma 
pallipes), парник көпбайланысы (Oxidus gracilis) оранжерея 
өсімдіктеріне зақым келтіреді.
Сауытты көпаяқтылар 
отрядтарының өкілдері жапырақты 
және аралас орманның ылғалды жерлерінде, орман төсеніші 
аймағында тіршілік етеді. Ұзындығы 0,3-10 см-ге дейін.
Дене сегменттері арқа жағынан ұзын және жалпақ қалқан- 
шалармен жабылған, аяқтары сырттай көрінбейді. Мазасызданған 
кезде басын қалқаншаларының астына тығып, бүрісіп жатады. Жүру 
аяқтарының саны 17 жұп (аналықтарында), 19 жұп (аталықтарында). 
Аталықтарының соңғы үш жұп аяқтары гоноподия аяқтарына 
айналған. Гемианаморфоз жолымен дамиды. Жұмыртқаларын бір- 
бірлеп топырақ және ағаш жарықтарына салады. 500-ге жуық түрі 
бар, барлық континенттерде (Оңтүстік Америка мен Антарктидадан 
баска) кездеседі.
Негізгі тұқымдастары: гломеристер 
Glomeridae, өкілі алты 
жолақты гломерис (Glomeris hexasticha) және жервезиялар 
Gervaisiidae, денелері пигменттелмеген, көздері жоқ, топырақтың 
арасында тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет