ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
шеңберін түзейді де, оның астына ұзындығы 2 мм-дей спермато-
фораларын салады. Аталығы аналығын соңынан ертіп шеңбер арқылы
өтеді, сол кезде аналығы денесінің артқы ұшындағы ерекше жыныс
мүшелерімен сперматофораларды жинайды. ¥рықтанған соң аналығы
інге немесе басқа бір ыңғайлы жерге 15-20, кейде 33-ке дейін
жұмыртқаларын салады, оларды бөліп шығаратын сұйықтықпен
біріктіріп орайды да, өзінің ұзын денесімен жабады. Осы күйінде
аналығы ештеңе жеместен бірнеше апта бойы жатады, тек анда-санда
жұмыртқаларына саңырауқұлақ немесе бактерия инфекциялары
жұқпау үшін, оларды жалайды. Жұмыртқадан шыққан “қырықаяқ-
тар” аналығына өте ұқсас, тек әлі аппақ және қозғалмайды, үшінші
түлеуден кейін қозғалғыш болып, аналықты тастап, әрқайсысы өз
жолымен кетеді.
Сколопендралардың кейбір түрлері партеногенез жолымен
көбейеді. Мысалы, Солтүстік Кавказда, Оңтүстік Украинада сколо-
пендралардың тек аналықтары ғана кездеседі.
Сколопендралар отрядына екі тұқымдасы жатады: нағыз сколо-
пендралар
Scolopendridae және соқыр сколопендралар
Cryptopi-
dae, 900-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілдері: алып сколопендра (Scol-
opendra gigantea), сақиналы сколопендра (Scolopendra cingulata),
калифорния сколопендрасы (Scolopendra heros), ризида (Rhysida
afra), жапырақаяқты сколопендра (Alipes), дала соқыр сколопендрасы
(Cryptops anomalans). Соңғысы біздің елімізде жиі кездеседі, ұзын-
дығы 4 см, сарғыш түсті, шапшаң қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: