Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата15.03.2017
өлшемі3,07 Mb.
#9733
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Использованная литература
1.  Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» - http://rmo-msk.ru/
metodicheskaya-kopilka
2.  Руководство для учителя второго (основного) уровня, 2015 г., 4 издание – 144 стр.
ПОРТФОЛИО
МҰҒАЛІМ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ
Насырова Г.У., Жартынова Ж.
Түйіндеме. 
Мақала  мұғалім  қызметіндегі  мақсатты,  жүйелі  және  өзін-өзі  үздіксіз  бағалаудың 
құралы  ретінде  және  де  мұғалімдердің  кәсіби  даму  динамикасын  қадағалауға  бағыттайтын 
Портфолионың  маңыздылығын  қарастырады.  Портфолионың  бөлімдері  бойынша  нақты 
талаптарға  сай  үлгісін  және  мазмұн  құрылымын  ұсынады.  Портфолионың  электрондық 
нұсқасының болуы, мұғалім үшін ең ыңғайлысы, өйткені ол тиісті дәлелдер форматында курстан 
кейінгі қызметті анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда мұғалім өз қалауы бойынша 
Портфолиоға қосымша бөлімдер құрастыра алады. Сол үшін кез келген мұғалім берілген кеңестер 
мен ұсынымдарға сүйеніп, өз материалдарын қажетті деңгейде жүйелейді. 
Түйінді  сөздер: 
портфолио,  кері  байланыс,  рефлексия,  дәлелдеме  құрылымы,  курстан  кейінгі 
тәжірибе.

81
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2,  2016 г. 
PORTFOLIO AS AN INDICATOR OF TEACHER COMPETENCE
Nasyrova G.U., Zhartynova Zh.A.
Abstract. 
In this article considers the importance of formation the Portfolio of as a method of purposeful, 
systematic and continuous self-assessment results of activity the teacher and it is directed to tracking the 
dynamics of professional development of the teacher. Article offers approximate structure of Portfolio and 
certain requirements to contents of sections. To have the electronic version of Portfolio is also convenient 
for the teacher to determine parameters of post-course activity in a format of the corresponding proofs. For 
their wish and discretion the originator Portfolio can add to him some new points, in case of need. Thus, 
having listened to the given councils and recommendations, all teachers can systematize the materials up 
to standard. 
Keywords: 
the portfolio, feedback, a reflection to structure proofs, post-course practice.
УДК 37:001.89
БОЛАШАҚТА МҰҒАЛІМДЕРДІ КОМПЬЮТЕР АУЫСТЫРА АЛАДЫ МА?
Байқоныс А.
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы
Түйіндеме. 
Бүгінгі күнгі ақпараттық технологияның дамуы мұғалімдердің рөлін компьтерлер 
алмастыра алады және алмастырылмайды деген пікір төңірегінде нақты мысалдар мен дәлелдерді 
келтіре отырып талдау жасалынды.
Түйінді сөздер: 
компьютер, онлайн дәріс, интернет желісі, контент.
Дүние  жүзінде  оқытудың  түрі  мен  білім 
қайнарының  үздіксіз  молаюына  ілесе,  білім 
алуға деген қажетсіну де үздіксіз артуда.
Техникалық 
прогресс 
деңгейі 
компьютерлердің  есептеу  қуаты  тәрізді 
геометриялық прогрессия бойынша өсіп жатыр. 
Демек,  алдағы  уақытта  өткеннен  қарағанда 
ақпараттық технологияның жетістіктер қатары 
әлдеқайда  көбейе  түспек.  Ақпараттық  техно-
логия саласында серпінді өзгерістердің қандай 
болатынын  алдын-ала  дөп  басып  айту  қиын, 
алайда  CNN  (кабелдік  жаңалық  тарату  желісі), 
Вашингтон Постта, сол қатарлы әлемдегі зерт-
теу  орталықтарының  болжамдарына  сәйкес 
төмендегідей  бірнеше  нақты  дәлелдемелерді 
келтіре кеткенді жөн көрдік:
 

Оқушылар  ноутбуктармен  отырып 
дәріс алса, оларды бақылап отыруға ең аз күш 
жұмсалады;
 

Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша 
компьютермен жұмыс жасау оқушының табиғи 
қызығушылығын оятады;
 

Оқушылардың  білімге  құштарлығын 
анықтауда компьютердің көмегі басым;
 

Ноутбуктармен 
жұмыс 
жасайтын 
оқушылар, өз әріптестеріне қарағанда әлдеқайда 
артық  білім  қорын  жинай  алатындығын  не-
месе  көбірек  сабақтарды  оқи  алатындығын 
дәлелдеді.
АҚШ-тың  білім  басқармасы  жүргізген 
2009 жылы кең көлемдегі зерттеулер нәтижесі 
мынаны  көрсеткен:  онлайн  режимінде  дәріс 
алған  оқушылардың  білім  көрсеткіші  дәстүрлі 
бетпе-бет  жүргізілген  курстардан  дәріс  алған 
оқушылардан гөрі жақсы нәтиже көрсеткен.
Бүгінгі  таңда  елімізде  әлі  де  мектептер 
мазмұнды тек механикалық түрде есте сақтауды 
үйретіп  отыр,  көптеген  мұғалімдер  әлемдік 
деңгейдегі  ақпаратты  шұғыл  түрде  меңгеруге 
қолжетімділік  бойынша  бәсекеге  түсе  алмай-
ды,  егер  мектептің  бүгінгі  жағдайы  өзгермесе, 
көптеген  мұғалімдер  компьютермен  алмасты-
рылады.
Дәстүрлі  лекция  белгілі  көлемдегі  матери-
алды  белгілі  жылдамдықпен  әртүрлі  жастарға 
бере  алады.  Ал,  интернет-оқулардан  оқитын 
оқушылар  тез  арада  қатесін  тауып,  түзетіп, 
негізгі  материалға  қайта  оралып  көре  алады. 
Дарынды  немесе  мүмкіндігі  шектеулі  балалар 
үшін бұл таптырмайтын білім алу.
Интернет 
желісі 
бойынша 
сабақ 
жүргізетін  мұғалімдер  басқа  мұғалімдермен 
салыстырғанда  көп  уақытын  оқушыға  нақты 
білім  беруге  жұмсайды  және  жақсы  нәтижеге 

82
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2,  2016 г. 
қол жеткізе алады.
Осы  өзекті  мәселе  төңірегінде  ғалымдар 
төмендегідей  бірнеше  нақты  эксперимент 
жасаған:  ағылшын  ғалымы  Эмилияның  әдісі 
бойынша  құрылған  google  «Сүйкімді  балалар» 
бала  бақшасында  балалар  ұжыммен  өздерін 
таң  қалдырған  әлемдегі  байыбына  бара  ал-
майтын  құбылыстарды  анықтады  Мысалы, 
кемпірқосақтың пайда болуы және сол құбылыс 
төңірегінде  ой  –пікірлерін  интернеттегі 
мұғалімдермен және ғылыми зерттеушілермен 
бірігіп,  өзара  ынтымақтаса  отырып  кеңес  ала-
ды, нақты ақпаратқа қол жеткізеді. Мұндай оқу 
үдерістерінде оқушылар үлкен топтарда бірігіп 
жұмыс жасай алуға үйренеді және зерттеушілік 
дағдыларын  қалыптастырады,ең  бастысы, 
өздерін  еркін  және  көңілді  ұстайды.  Себебі, 
алып  жатқан  ақпарат  олар  үшін  өте  қызықты 
және өмірде қажет.
Дәстүрлі  оқыту  тәжірибесі  оқушылардың 
өздігінен  білім  алуына  ықпалы  аз  екендігін 
және  оқуға  деген  қызығушылықтарын 
төмендететін дәлелдеді. Өйткені авторитарлық 
білім  алу  қызығушылықты  жояды.  Ал  қазіргі 
әлемдік  білім  беру  тәжірибесі  компьютердің 
көмегімен  оқушылардың  өздігінен  білім  алуға 
болатындығын  дәлелдеп  отыр.  Өздеріне 
сенімсіз  студенттер,  суретшілер  және  ойынды 
ұйымдастырушылар  бірігіп,  виртуалды  оқыту 
ортасын  және  интерактивтік  оқулықтарды 
құрады. 
Ал 
Американдық 
ғылымдар 
биологияның оқу бағдарламасына видео ойын-
дар енгізді. Атап айтсақ, 3D «иммундық шайқас» 
анатомия  курсындағы  ойынында  оқушылар 
батыр нанороботтардың, вирустардың адамзат 
ағзасында  жарылуы рөлінде ойнатылады.  Осы 
ойынды ойлап табушы Мелани Стегман. Өзінің 
ойынын  қатысушылармен  талдаған  кезде  ол 
былай  деді:  олардың  сұрақтарының  терең, 
күрделі болғаны соншалықты, мен өзімді ғалым 
әріптестеріммен әңгімелескендей сезіндім. 
БМҰ-ның 
оқу-ағарту, 
ғылым-техника, 
мәдениет  ұйымының  тұспалдауынша  2025 
жылға  барғанда,  жоғары  білім  қабылдағысы 
келетін  адам  саны  қазіргіден  аз  дегенде 
80  миллионға  артады  екен.  Дәстүрлі  тәсіл 
арқылы күн сайын білім алуға деген жаңарған 
қажетсінуді  қанағаттандыратын  болсақ,  онда 
біз бұдан былайғы 12 жылда аптасына 40 мың 
студент оқитын 3 университет құруымыз керек. 
Дүние жүзінің көптеген жерлерінде үкімет меже 
есепті  азайтып  жатқан  қазіргі  жағдайда,  бұл 
мүлде ақылға симайтын нәрсе. 
Ендеше, бұл мәселені қайткенде ойдағыдай 
шешуге болады? Мұның жауабы сандық ғылым-
техника  мен  интернет  торабының  көмескі 
күшінде  толық  сәулеленеді.  Олар  бізді  мол 
ақпарат  қорымен  қамтамасыз  етіп  отыр  және 
мұның басым көпшілігі тегін.
Сондай-ақ қазіргі кезде 300-дей оқу-ағарту 
мекемесі барлық оқыту материалдарын торапта 
тегін шығарып қойған. Олар ашық түрдегі оқу-
ағарту біріккен кеңесін ортақ құрды, қазір жал-
пы 21 мың сабақ түрімен қамтамасыз етіп отыр. 
Осы торапқа шығатын адам саны жылына 360 
миллион адамға артып келеді. Бұл дүниежүзінің 
оқу-ағарту саласына төңкеріс әкелуі мүмкін ба-
стамашы рол ойнайтыны әбден мүмкін. 
Видео  контент  сіздің  тұрмысыңызда 
қаншалық қолданылады деп курсқа келген 200 
тыңдаушыдан сауалнама алғанда төмендегідей 
жауап берді:
Сауалнама мазмұны (100 адам)
«иә» деп жауап бер-
гендер
қалыс қалғандар
Ұзыннан-ұзақ мәтін оқығаннан, видео көргенді 
жақсы көреді
80
20
Кітаптан ба әлде экрандағы мониторға 
қарап отырып, бейне сабақтарды қарап
қайталай салған жеңіл ме?
77
27
Қажетті ақпаратты табуда интернетті жиі 
қолданасызба? 
90
10
Жылдам ақша табуда интернеттегі жобалар 
пайдасын бере ме?
67
33
Бірнеше каналды үйлестіріп жақсы көрсете ала-
мыз, мәселен көрнекі бейне, мәтін және дыбыс
72
28
Біз өзіміз материалды басқара аламыз
84
16

83
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2,  2016 г. 
Жоғардағы 
сауалнама 
бізге 
тақырыбымыздың да өзектілігін ашып берген-
дей, әрине таяқтың да екі ұшы бар, сондай бол-
са  да  ақпараттық  технология  біздің  өмірімізге 
ендей  кіріп  бара  жатқанын  мойындауымыз 
керек. Оған дәлел төмендегі оң жақтағы сурет 
2012  жылы  Оңтүстік  Корея  республикасына 
біліктілікті  көтеруге  барғандағы  тартылған. 
Мұғалімге көмекші рөлін атқарып тұрған сурет.
Ғаламтордағы видеожарнаманың көлемі (ақпарат eMarketer.com)
Жасанды  интеллект  «Оқытудың  бірнеше 
тәсілдеріне  және  виртуалдық  шындыққа  мән 
береді,  әлемді  қамти  отыра  мұғалімдерге 
қарағанда  фактілерді  сенімді  түрде  оқытады». 
Міне,  бұл  бүгінгі  білім  саласындағы  нақты  де-
рек. Бұдан шығатын қорытынды мұғалімдердің 
рөлін  компьтерлер  алмастыра  алады  және 
алмастырылмайды деген пікір күшейе түсетіні 
даусыз.  Егер  мұғалімдер  оқытудың  оңтайлы 
түрлерін қолдана отырып, оқушының санасында 
компьютерге қарағанда көбірек орын ала білсе, 
сондай-ақ,  оқушының  жанын  баурап,  жақсы 
мұғалім мен шебер тәрбиеші мен өмірлік сабақ 
алатын  тәлімгердің  қызметін  мүлтіксіз  атқара 
алса,  олардың  бойындағы  шығармашылық 
қабілетті  шыңдай  отырып,  әр  түрлі  саладағы 
жаңа бастамаларға қол жеткізуіне ықпал жасай 
білсе, онда бұл мәселе өз шешімін оңай табаты-
нына ешкімнің дауы жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  www.cnn.com
2.  www.ciw.edu
3.  www.avcr.cz
4.  «Мәскеу уақыт газеті» 2012 жыл 10-сан

84
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2,  2016 г. 
СМОЖЕТ ЛИ В БУДУЩЕМ КОМПЬЮТЕР ЗАМЕНИТ УЧИТЕЛЕЙ?
Байконыс А.
Аннотация. 
Проведен  анализ  возможности  или  невозможности  замены  роли  преподавателя 
компьютером  благодаря  развитию  современных  информационных  технологий  с  приведением 
конкретных примеров и доказательств.
Ключевые слова: 
компьютер, онлайн лекция, интернет сеть, контент.
IN THE FUTURE, WILL COMPUTERS REPLACE HUMAN TEACHERS?
Baikonys A.
Abstract. 
The analysis of the possibility or impossibility of replacing the role of the teacher’s computer 
thanks to the development of modern information technologies with concrete examples and evidence.
Keywords: 
computer, interactive lectures, internet, content.
УДК 37:372.8
УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРДІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Төлешова Ұ.Б., Елшибекова А.Т.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы
Түйіндеме. 
Мақалада  «куратор»,  «эдвайзер»,  «куратор-эдвайзер»,  «тәрбие  жұмысы» 
ұғымдарының  мәні  ашылып,  отандық  және  әлемдік  ғалымдардың  ғылыми  еңбектеріне  талдау 
жасалды.  Куратор-эдвайзердің  университеттегі  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудағы  мақсаты 
міндеті қарастырылды. 
Түйін сөздер: 
куратор, эдвайзер, куратор-эдвайзер, тәрбие жұмысы.
Бүгінгі  тәрбиенің  басты  міндеті  –  адамзат 
мәдениетінің  сан  ғасырлық  өркениеттік 
жетістіктері  мен  ұлттық  рухани,  мәдени 
байлықты 
кіріктіре 
отырып 
меңгерту, 
студент-жастарды  нарықтық  экономикаға 
бейімделген,  өмірге  икемделген,  жан-жақты 
жетілген,  қабілетті,  кез  келген  тұтқиыл 
жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы 
да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін 
азамат  етіп  тәрбиелеу  болып  табылады.
 
Осы 
орайда  студенттермен  жүргізілетін  әртүрлі 
бағыттағы  тәрбие  жұмыстары  олардың 
шығармашылық, 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерін қалыптастырудың маңызы ерекше. 
Тәрбие  қызметінің  табыстылығы  көптеген 
жағдайда студенттік топпен бірге жүргізілетін 
куратор-эдвайзерлерінің кәсіби педагогикалық 
шеберлігіне байланысты болады. 
Тәрбие  -  тұлғаны  қоғамдық  және  мәдени 
өмірдің социомәдени нормативтер модельдеріне 
сәйкес  дайындау  мен  қалыптастыру  жүйесі. 
«Тәрбиеші»,  «тәлімгер»  қызметтері  жоғары 
оқу  орныныда  кураторэдвайзер  есімімен  ал-
мастырылды.  Бұрындары,  яғни  кураторды 
жеке және эдвайзердің жұмыстарын жеке-жеке 
қарастыратын.  Қазіргі  таңда  осы  екі  қызмет 
бірлесе  отырып  куратор-эдвайзер  атағына  ие 
болды. Университеттегі оқу-тәрбие жұмысымен 
айналысатын куратор-эдвайзерге анықтама бе-
рер болсақ. 
Куратор (curator) – латын тілінен аударғанда 
қамқоршы  деген  мағынаны  білдіреді.  Куратор 
–  ол  студенттің  өміріндегі  тәлім-тәрбие,  бос 
уақытты  ұйымдастыру,  еңбектену,  әлеуметтік 
сұрақтарын  шешу  үшін  деканат  тағайындаған 
оқытушы.  Эдвайзер  (Advizor)–  оқу  кезеңінде 
білім  бағдарламасын  меңгеруге  бағыт  беретін 
арнаулы  кафедра  оқытушысы.  Тәрбие-
педагогикалық үрдістің өте маңызды әрі күрделі 
де  ұзақ  мерзімді  қажет  ететін  құрамдас  бөлігі 
екендігі  мәлім.  Олай  болса,  студенттердің  ау-
диториядан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру 
куратор-эдвайзердің  басты  қызметі  болып  та-
былады.[1] 
Куратор-эдвайзер  -  студент  байланысы 
болып  табылады.  Куратор-эдвайзер  –  ақылды, 
парасатты,  инабатты,  адамгершілігі  мол,  тек 
қана  шындықты  айтатын,  кішіпейіл  және 
білімді  болғаны  абзал.  Сонымен  қатар  ол  -  са-

85
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2,  2016 г. 
лауатты  педагог,  әр  оқушының  ұйымдастыру 
қабілетін біліп, қоғамдық, жұмыс атқара білетін 
менеджер.  Ол  -  адам  жанын  зерттеп,  қарым-
қатынас жасаушы психолог. Қуана да, қуанта да 
білетін-ата  -  ана.  Талмай  ізденіп,  жақсылықты 
бала  бойына  тиянақты  түрде  беретін  – 
ғалым.  Куратор-эдвайзер  ол  студенттің  бос 
уақытты  ұйымдастыру,  еңбектену,  әлеуметтік 
сұрақтарын шешу және топ студенттермен жиі 
қарым-қатынас  жасайтын  тұлға.  Куратор-эд-
вайзер  студенттермен  тығыз  байланыста  бо-
лып, бірге қызмет атқаратын маман. 
Куратор-эдвайзерлердің  басты  мақсаты 
жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін 
қалыптастыру, 
студенттерді 
азаматтық 
белсенділікке  тәрбиелеу,  білім  алушылардың 
мамандықтың  жұмыс  оқу  жоспары  аясында 
білім  алу  траекториясының  таңдамалығы 
негізінде  өзін-өзі  қалыптастыру  және  өзін-өзі 
көрсету қабілеттерін дамыту.
Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу 
тобында  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру,  өзін-
өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді 
университеттің қоғамдық және шығармашылық 
өміріне біртіндеп тарту және кураторлық сағат 
жоспарын  құру  және  сол  жоспар  негізінде 
жұмыстар жүргізу. Куратор-эдвайзер сағаты ап-
тасына бір рет жүргізіліп отырылуы тиіс. 
Куратор-эдвайзердің атқаратын қызметінің 
негізгі бағыттарының бірі 1 курс студенттерінің 
жоғары  оқу  орнына  бейімделуі,  студенттерге 
әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты тиімді 
өткізу жолдарын шешу барысында топ аралық 
достықты, бауырмалдықты, ынтымақтастықты, 
бір-бірін  қолдауды,  бір-біріне  көмек  көрсету 
және  т.б.  қасиеттерді  қалыптастыру  болып 
табылады.  Осындай  қызметтерді  атқаратын 
куратор-эдвайзерлерге  әдістемелік  көмек 
беру  мақсатында  философия  және  саясаттану 
факультетінің жалпы және этникалық кафедра 
кафедрасының  ішінен  университет  көлемінде 
жұмыс  жасайтын  «Куратор-эдвайзер  мектебі» 
ашылып  төмендегі  бағыттарда  жұмыс  атқара 
бастады. 
Университеттің 
куратор-эдвайзері 
студенттің  ұстазы,  жасы  үлкен  жолдасы  рөлін 
атқарады. Куратор топтың ұйымдастырушысы, 
әдістемелік  басшысы,  тәрбиешісі,  педагог-пси-
хологы болып табылады. Осыған орай студент-
термен  тәрбие  жұмысын  жүргізу  барысында 
куратор-эдвайзерге  қойылатын  негізгі  талап-
тарды атап көрсетуге болады:
1.Оқу  жылы  барысында  студенттік 
топтың  өміріне  ұдайы  қатысу:  мәселелерін 
шешуге  көмек  көрсету,  топта  достық  ортасын 
қалыптастыру,  әрбір  студентке  тұлға  ретінде 
қарау.
2.Студенттердің  сабаққа  қатысуын  және 
үлгерімін  бақылауды  ұйымдастыру:  сабаққа 
қатысу  журналын  тексеру,  сабаққа  қатысуын 
тексеру, оқытушылармен әңгімелесу.
3.Оқу  сабақтарына,  аралық,  апталық  және 
сессияға  байланысты  мәселелер  туындаса 
көмек көрсету.
4.Топтағы  әрбір  студенттің  денсаулығын 
және тұрмыстық жағдайын білу.
5.Студенттерді  ғылыми-зерттеу  жұмысына 
тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зер-
делеу.
6.Студенттерді  студенттік  өмірге  баулу, 
өздерін-өзі танытуына жағдай жасау.
7.Әрбір  студентпен:  жоғары  оқу  орнына 
бейімделу  барысында  қиындыққа  тап  болған 
студенттермен,  оқу  пәндерін  жан-жақты  әрі 
тереңнен  оқығысы  келетін  студенттермен 
жеке-дара  жұмыс  жасау.  Сонымен  қатар  кура-
тор-эдвайзер студенттердің жеке мәселелеріне, 
оқытушылармен,  студенттермен  өзара  қарым-
қатынасына назар аударуы тиіс.
8.Ата-аналармен  жұмыс:  студенттердің 
сабаққа  қатысуы  немесе  қатыспауы,  үлгерімі 
немесе  үлгермеуі,  жоғары  оқу  орнындағы  іс-
әрекеті туралы қажетті ақпаратты дер кезінде 
беруі қажет.
9.Топтағы студенттердің этикалық тәрбиесі: 
сыртқы  келбетіне  назар  аудару,  топтағы 
студенттің  мінез-құлқына  мән  беру,  олардың 
университеттің  ішкі  тәртібін  қадағалауын 
бақылау.
10.Азаматтық,  адамгершілік,  эстетикалық, 
кәсіби, мәдени және физиологиялық тәрбие беру 
бағытында нақты іс-шаралар ұйымдастыру. 
Куратор-эдвайзер  академиялық  кеңес 
беруді  жүзеге  асыра  отырып,  бірінші 
курс  студенттеріне  оқытудың  кредиттік 
технологиясының  қызмет  етуі  және  жүзеге 
асуының  негіздерін  түсіндіреді,  студенттерді 
білім беру үдерісінің ережелерімен, типтік және 
жұмыс оқу жоспарымен және элективті пәндер 
каталогымен, жеке оқу жоспарын қарастырудың 
талаптарымен таныстырады. 
Куратор-эдвайзер  алғашқы  оқу  күніндегі 
сабақ кестесінің мән - жайын түсіндіруге көмек 
көрсетеді.  Куратор-эдвайзер  мүмкіндігінше  1 
қыркүйекте  топпен  болғаны  дұрыс  болады, 
себебі студенттерді тануға ықпал етіп, олардың 
бойындағы сенімділікті арттырады.
Куратор-эдвайзер  білім  алушыларды  яғни 

86
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2,  2016 г. 
студенттерді  университеттің  академиялық 
өмірімен,  оқу  жұмыс  жоспарымен,  дипломды 
алу  үшін  арналған  талаптармен,  таңдалған 
мамандықтың  мүмкіншіліктерімен  танысты-
ра  отырып,  білім  алу  жеке  траекториясын 
студенттін  қызығушылығына,  мүмкіншілігіне 
және  мақсаттарына  сай  таңдауға  көмек 
көрсетеді.  Сонымен  қатар  тіркеу  ережелеріне 
сай  тіркеу  үрдісіне  қатысады.  Әр  бір  куратор-
эдвайзерға  нақты  бір  топ  беріледі.  Білім  алу-
шылар  куратор-эдвайзерға  бекітілген  соң 
студенттермен  жеке  жұмыс  режиміне  көшеді. 
Куратор-эдвайзер пәндерді таңдау және оларға 
жазылу  процедурасы  жөнінде  ұйымдастыру-
әдістемелік  және  кеңестік  жұмыстарға 
қатысады,  мамандықтардың  элективті  пәндер 
каталогымен  және  оқу  жұмыс  жоспарларымен 
таныстырады,  университеттің  топ  студенттері 
жөніндегі  тәрбие  жөніндегі  Кеңес  отырыста-
рына  қатысады.  Оқу  жылы  бойы  куратор-эд-
вайзер  институт  дирекциясында  сақталатын 
академиялық  және  тәрбие  шара  кестесі  бой-
ынша  жұмыс  жасайды.  Білім  алушылардың 
академиялық және тәрбие жөнінде мәселелерді 
шешу үшін бекітілген кесте үстінен жеке кезде-
сулер ұйымдастыра алады. 
Куратор-эдвайзердің  тәрбие  жұмысының 
негізгі  мақсаты  –  студенттерде  азаматтық 
дайындық,  жауапкершілік,  патриоттық  сезімді 
қалыптастыру,  барлық  студенттерді  топтың, 
курстың,  университеттің  қоғамдық  өзін-өзі 
басқару  ісіне  қатыстыру.  Эдвайзердің  негізгі 
міндеті  және  тәрбие  жұмысының  приоритетті 
түрі  ретінде  топтың  әр  бір  студентімен  жеке 
жұмыс жүргізу. Куратор-эдвайзер топ активімен 
бірге  барлық  күштерін  студенттердің  жан-
жақты  рухани  дамуына  топ  ішінде  достық 
және бір – біріне көмек көрсету, қолдау атмос-
ферасын  қалыптастыру,  оқуға  дұрыс  ниетпен 
қарауға,  студенттерді  ғылыми  және  қоғамдық 
өмірге  қатыстыруға  бағыттайды.  Өз  тәрбие 
жұмысында  жиналыс,  әңгіме,  университет 
түлектерімен  кездесу,  экскурсия  және  басқа 
жұмыс түрлерін де өткізеді.
Университеттегі  тәрбие  жүйесінің  табы-
сты  әрекет  етуінің  маңызды  белгісі  тәрбиелік 
ортаны  тиімді  ұйымдастыру  болып  табыла-
ды.  Тәрбие  ортасы  бұл  адамның  тұлғалық 
дамуына  әсер  ететін  және  заманауи  қоғам 
мен  мәдениетке  енуіне  септігін  тигізетін,  оны 
қорғайтын  әлеуметтік  құнды  жағдайлардың 
жиынтығы.
Сондықтан  тәрбие  ортасы  тәрбиенің 
мазмұны мен формасын байытатын, тұлғаның 
өзіндік  белсенділігін  ісәреттің  сан  алуан 
түрлерін  ұйымдастырылуымен  біріктіруге 
мүмкіндік  туғызатын  қауымдастық  ретінде 
қарастырылады.
Тәрбие  ортасының  субъектілері  -  студент-
тер,  педагогтар,  қоғамдық  ұйымдар  т.б.  болуы 
мүмкін.  Оның  тиімділігінің  маңызы  шарты 
барлық  мүшелерінің  құндылық-мақсатты 
ұстанымның  болуы,  субъектілер  арасындағы 
қарым-қатынас  жүйесінің  тармақталуы  болып 
саналады.
Жоғары  оқу  орындағы  тәрбие  ортасын 
дамыту  тәрбиенің  мақсаты  мен  міндеттеріне, 
қағидаларына, 
мазмұнына, 
бағыттарына 
негізделеді.  Ал  тәрбие  жұмысы  қазіргі  білім 
беру  мекемесі  ісәрекетінің  міндетті  аспектісі 
ретінде  тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін 
ашуға және табысты әлеуметтенуіне, адамның 
ақиқатқа 
рефлексивті 
қарымқатынасын 
қалыптастыруға,  интеллектуалды  жетілдіруге, 
мәдени  салтдәстүрді  сақтауға  және  болашақ 
ұрпаққа  жеткізуге,  қазіргі  заманға  сай  дамыту 
мен  жаңартуға  бағытталады.  Сонымен  бірге 
тәрбие жұмысының мәні білім алушы тұлғасын 
дамыту  сипатына  ие  болса,  тәрбие  ортасы  да-
мыту құралы болып табылады.
Қорыта келгенде, жоғарыда шолу жасалған мәселелердің шешімі – куратор-
эдвайзердің университеттегі тәрбие ортасын қалыптастырудағы қызметі жүйелі болатын 
болса, онда студент өміріне және университет беделіне ешқанда нұсқау келмесіне нақ 
сенімдімін.
Демек, студент не болмаса, студенттік топ пен куратор-эдвайзер бір-бірімен тығыз 
байланыста болуы қажет деп ойлаймын. Себебі университеттегі тәрбие ортасы студент өміріне 
тікелей байланыста.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет