Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет10/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153
Домалақ – Драже – Dragee
Домалақ дегеніміз дәрі мен қосымша заттарды қант гранулаларына қат-қабаттау арқылы алатын ішке қолданатын қатты дәрілердің түрі, домалақтар құрамына дәрі және қосымша заттар кіреді: бидай ұны, тальк, қант, какао, шоколад болуы мүкін.
Көбіне домалақ ретінде витамин препараттары шығады.


Домалақтар рецепте қысқартылып жазылады.

Rp: Dragee Aminazini 0.025


Da. tales doses N50
Signa: 1 домалақтан күніне 2 рет астан кейін


Қабық – Капсула – Capsula
Қабықтар ұнтақ, сұйық түрлі дәрілер салынып ішке қолданатын дәрілер түрі, қабыққа нашар иісі бар және дәмі ащы дәрілер салынады, қабықтар көбінесе желатиннен жасалады.
Рецепте жазғанда қай заттан жасалғанын қабық екенін жазу керек.

Rp: Rifampcini 0,3


Da tales doses N 20 in capsulis gelatinosis
Signa: 1қабықтан күніне 3 рет 30 мин тамаққа дейін
:



Cүйық дәрілердің түрлері
ерітінді - sоlutio - атау септігінің жекеше түрінде.
sоlutionis – ілік септігінің жекеше түрінде.
Ерітінділер ерітілетін зат пен еріткіштен тұрады, тұнбасыз, тұнық, таза болулары қажет, еріткіш ретінде тазартылған су, этил спирті және майлар қолдануы мүмкін.
Тазартылған су – Аqиа destillata.
Этил спирт – Sрiritus аеthylicus.
Майлар – Оleоrum
Егер рецепте еріткіш жазылмаса, онда ерітінді ретінде таза су пайдаланады, ерітінділер ішке, сыртка (шайқау, жуу және көзге, мұрынға, құлаққа, тамшы ретінде) инъекция үшін қолданады.
Сыртқа қолданатын ерітінділерді, қолдану әдісіне қарай, қолданар жердің көлеміне байланысты әр-түрлі мөлшерде жіберіледі.
Мысалы: көзге, кұлаққа, мұрынға тамызатын ерітінділер 5-10 мл шамасында жіберіледі, егер ішке қолданса, касықпен пайдаланса 100-200 мл. мөлшерде жіберіледі, егер тамшы ретінде қолданса, 20-30 мл. мөлшерінде жіберіледі, ал сыртқа жууға шайқауға 50-500-1000 мл. мөлшерінде жіберіледі.
Ерітінділер рецепте 2 түрлі әдіспен жазылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет