Мөлшергебөлінбеген қарапайым ұнтақ Rp: Glucosi 50,0
Da. Signa: 1 шай қасық ұнтақты 1стақан суға езіп іш
Мөлшерге бөлінген қарапайым ұнтақ Rp: Magnesii oxydi 0,5
Da tales doses N10
Signa: 1 ұнтақтан астан кейін 1 сағаттан кейін іш
Мөлшерге бөлінбеген күрделі ұнтақ
Мөлшерге бөлінген күрделі ұнтақ Rp: Acidi ascorbinici 0,005
Riboflavini 0,002
Glucosi 0,2
Misce ut fiat pulvis
Da tales doses N10
Signa: күніне бір ұнтақтан 3 мезгіл қолдан (іш)
Таблетка – Tabulettaе Т аблетка пірестеліп жасалған, дозаланған қатты дәрілердің түрі, құрамында дәрі мен қосалқы заттар болады: крахмал, қант, глюкоза, натрий гидрокарбонаты және т.б. заттар кіреді. Таблетка басқа дәрілерге қарағанда қолайлы дәрі, өйткені таблеткаларды фармакологиялық өндірісте өте көп шығаруға болады. Сақтауы, тасымалдауы, қолдануы өте оңай, басқа дәрілердің түріне қарағанда, көп таблеткалардың сыртына қабық кигізіледі.
Бір дәріден тұратын таблеткалар қарапайым таблетка, ал екі және одан да көп дәріден тұратын таблеткалар күрделі таблетка деп аталады, кейбір таблеткалардың құрамы, өте күрделі болғандықтан оларға коммерциялық ат береді. Таблеткаларға рецепт жазғанда 2 түрлі жолмен жазуға болады:
1. Қысқартып жазу
2. Толық жазу жолдары