Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет11/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153
1. Қысқартылып жазу жолы.
2. Толық жазу жолы.
Қысқартылып % концентрациясы арқылы жазу

Rp: Solutionis Calcii chloridі 10% - 200 ml


Da. Signa: 1 ас қасықпен күніне 3 рет астан кейін


Қысқартылып, салмағы мен көлемінің қатынасы арқылы жазу жолы

Rp: Solutionis Calcii chloridі 20,0-200 ml


Da. Signa: 1 ас касықпен күніне 3 рет астан кейін


Толық жазу жолы.
Rp: Solutionis Calcii chloridі 2,0
Аquа destillataе 200 ml
Міsсе. Da. Signa: 1 ас касықпен астан кейін іш.



Сұйық қоспа - Mixtura
Сұйық қоспа - 2 сұйық дәрінің түрінен, немесе сұйық дәрімен қатты дәрі түрінен қосып жасалады, түбінде тұнба болады, сол себептен қолданар алдында шайқау керек.
Рецептте толық жазылады, сұйық қоспа көбіне ішке қолданады, сұйық қоспа деген сөз жазылмайды.
Рецепт жазу жолы.

Rp: Solutionis Natrii bromidi 2% - 180 ml


Соffeini natrii benzoatis 0,6
Мisce. Da. Signa: 1 ас қасықпен күніне 3 рет
Линименттер – Linimentum.
Линименттер - сыртқа қолданатын қою, сұйық дәрілер, толық түрде жазылады, ал официналды линименттер қысқартылып жазылады.



Rp: Linimenti Syntomyсini 5% - 25ml
Da.Signa: жарақаттан жерге жағу үшін.


Толық түрде жазу
Rp: Picis liquidae Betulae
Xeroformii ana 3,0
Olei Ricini 94 ml
M.f. linimentum
D.S. Іріңді жараларды өндеу үшін.


Тұнба - Infusum
Кайнатпа - Dесоctum.
Дәрілік өсімдіктердің үстіне су құйып 100° С қайнатқан да, олардан күші бар емдік заттар алуға болады, тұндырма өсімдіктердің жұмсақ бөлшектерінен (шөп, жапырақ, гүлдерінен), ал қайнатпа қатты бөлшектерінен (қабығы, тамырынан) алынады. Тұндырма мен қайнатпалар өсімдіктердің үстіне су құйып қайнату арқылы өсімдіктерден биологиялық активті заттарды алады. Тұндырманы - 15 минут, қайнатпаны - 30 минут қайнатып, қайнатпаны 10 минуттан кейін ыссы күйінде сүзеді, ал тұндырманы әбден суытып сүзеді. Бұл дәрілер тек дәріханада жасалады, және 3-4 күнге жететін мөлшерде, тез бұзылады, тоңазытқышта сақтау қажет. Қайнатпа, тұндырмалар ішке ас қасықпен және сыртқа шаюға, жууға қолданылады. Рецепте қайнатпа, тұндырма қысқартылып жазылады және өсімдіктің бөлшектерін жазу қажет.

Rp: Infusi herbae Adonidis vernalis 6,0-180 ml


Dа. Signa: 1 ас қасықпен күніне 3 рет

Rр: Dесосti сorticis Quercus 20,0 - 200 ml


Da. Signa: ауызды қуысын шайқау үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет