Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет5/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

АптекаДәріхана
Дәріхана дегеніміз медициналық мекеме, негізгі мақсаттарының бірі халықты және емдеу мекемелерін дәрімен қамтамасыз ету. Дәріханада дәрілермен бірге санитарлық – гигиенаға керекті заттарды және т.б. ауруға қажетті заттарды сатылады, дәріханада дәрі-дәрмектер дайындалады және санитарлық – гигиена бөлімін насихаттаумен айналысады. Дәріханалар екі түрлі болады.

  1. Жеке есепті дәріханалар – ақшаға халықты және дәріханасы жоқ емдеу мекемелерін дәрімен қамтамасыз етеді.

  2. Емдеу мекемелерінің дәріханалары – осы емдеу мекемелерінің бір бөлімі болып саналады, сол мекемедегі ауруларды ақшасыз дәрімен қамтамасыз етеді.



Ағзаға әсер ету сипаты мен күшіне қарай дәрілер 3 топқа бөлінеді.
1-топ –улы дәрілер – Venеna «А» тізімі, бұл тізімге өте улы және наркотикалық дәрілер жатады, дәрілер өте сақтықпен сақталуы керек, сейфте кілтпен жабылады. Сейфтің есігінің ішкі қабатында, дәрілердің аттары және жоғарғы дозалары жазылуы керек.
2-топ – күшті әсер ететін дәрілер. Heroica «Б»тізімі, бұл тізімнің дәрілерін де ауруларға еппен қолданып, мұқият сақтауы қажет, жауапсыз пайдаланғанда, асқыну туғызады, шкафта кілтпен жабылып сақталады. Жоғарғы «А» және «Б» тізім дәрілері емдеу мекемелерінде тек дайын дәрілер түрінде болуы қажет.
3-топ басқа дәрілер – Vazia, рецептсіз жіберілетін дәрілер жатады
Бұл тізімнің дәрілері – көп мөлшерде берілсе де аса қауіпті емес, емханада, медициналық шкафта сақталады, дәрілер әр түрлі сөрелерде сақталуы қажет.
Ішке қолданатын, сыртқа қолданатын және иньекцияға қолданатын дәрілер әр сөреде бөлек сақталады, тез бұзылатын дәрілер тоңазытқышта сақталуы қажет.


Рецепт жәңе оның құрамы
Рецепт дегеніміз – дәрігердің науқасқа дәрілер жіберу туралы жазба түрде дәріханаға жіберілетін өтініш қағазы. Ол қағазда дәрінің түрі, аты, қолдану мөлшері, қолдану тәртібі жазылады. Рецепт – медициналық, заңды ақшалай құжат, рецепт латын тілінде «Recipe» - алу деген сөз. Рецепт жазғанда белгілі талаптар орындалу қажет, дұрыс жазылмаған рецепт үшін дәрігер жауап береді, рецепт соңында дәрігердің қолы мен мөрі қойылады. Рецептің құрамы 9 бөліктен түрады,
1. Емдеу мекемесінің атауы, мекен жайы, факс,коды, телефон нөмірі
2. Балаларға, ересекке арналған (астын сызу керек)
3. Рецепт жазудың мерзімі (күні, айы, жылы)
4. Науқастың аты, жөні, тегі шамамен жасы
5. Дәрігердің аты, жөні, тегі
6. Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны (жазбаша)
7. Дәрілік түрлердің аталуы (май, ұнтақ, және т.б. немесе фармацевтке басқа тапсырма
8. Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері
9. Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі

Рецептің негізгі бөлігі, 6 бөлік - бұл бөлімі латын тілінде жазылады «Recipe; Rp.» деген сөзбен басталады, дәрілік заттардың белгісі және олардың саны (жазбаша). Рецепт жазғанда белгілі талаптарды, ережелерді орындау керек


а) Әр заттың аты жаңа жолдан және бас әріппен жазылады, оң жағынан саны белгіленеді. Мысалы: Recipe: Tincturae Valerianae 10 ml
Tincturae Convallariae 15 ml
б) Әр заттың аты ілік септігінде (Genetivus) тұрады, өйткені грамматика жағынан мөлшердің (саны) белгілеуіне байланысты.
в) Қатты және сусымалы заттар граммен көрсетіліп, араб санымен жазылады, ал сұйық заттар милилитр мен белгіленеді, граммдар және оның бөлшектері ондық бөлшектер тұрінде белгіленеді; 3,0; 0,3; 0,003, тамшылар рим санымен белгіленеді guttam I, guttas II.
г) Егер екі немесе бірнеше дәрілік заттар бірдей мөлшерде жазылып берсе, санын тек бір рет қана көрсетеді – зат атуынан кейін санның алдында шартты қысқарту жазылады(ana-aa).

Мысалы: Recipe: Tincturae Convallariae


Tincturae Valerianae ana 10 ml
Tincturae Belladonnae 5 ml
Mentholi 0,2
Misce Da Signa Күніне 3 рет 20-30 тамшыдан
е) Дайын дәрілік заттардың (таблеткалар, балауыздар) мөлшері стандарттық болып келсе
препараттың атауы тырнақшада жазылады. Recipe: Tabulettas “Pentalginum”N10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет