3. Қысқа әсері бар жүрекке қолданатын гликозиттер Жедел жәрдем гликозидтері, тек тамырға енгізіледі. әсері 7-10 минут кейін байқалып 1-2 сағат созылады.
С трофантин К- Strophantinum K – шығу түрі ампула 0,05 % -1 мл., венаға 10 мл 40% глюкоза ертіндісімен немесе (NaCl 0,9% ертіндісімен) күніне 2 рет жаймен. Жоғары мөлшері Строфантина К ересектерге көктамырға: ЖБМ- 2 мл (2 ампула), ТЖМ- 4 мл (4 ампула).
Қолдануы: жүректің жедел кемшіліктерінде, пароксизмалды тахикардияда.
Қарсы көрсеткіштері: жүректің органикалық өзгерістерінде, жедел миокардитте, эндокардитте.
К оргликон – Corglyconum «Б» тізімі -шығу түрі ампула 0,06% - 1 мл N 10 тамырға жаймен глюкоза ерітіндісімен енгізеді ЖБМ – 1 мл, ЖТМ -2мл.
Систолиялық әсері басым сондықтан жүректің жедел және созылмалы кемшіліктерінде, пароксизмалды тахикардияның ұстамасын емдеуге емдеуге.
Жүрекке қолданатын гликозидттермен уланғанда: антидот ретінде калий препараттарын (панангин, аспаркам) немесе унитиол препаратын қолданады.
Аритмияға қарсы дәрілер (ырғақсыздыққа қарсы) Бұл топтың дәрілері – жүректің соғуын, ырғақсыздығын реттейді, олар әр түрлі химиялық қосымшаларға, фармакологиялық топтарға жаттады (мысалы: седативтік дәрілер, транквилизаторлар, холиноблокаторлар, адреноблокаторлар, жергілікті анестетиктер, калий препараттары т.б.)
Аритмияның, ырғақсыздықтың түрлері:
Экстрасистолия – жүректің өз уақытынан бұрын жиырылуы.
Пароксизмалды тахикардия – жүрек соғуы минутына 150-200 дейін жиелеуі
Мерцателді аритмия–жүрек құлақшаларының бұлшық еттерінің мерзімсіз жиырылуы.
Жүрек өткізгіш жүйесінің кедергісі - жүрекшеден қарыншаға импульстің өтпеуі
Аритмияға қарсы дәрілердің жіктелуі I топ – мембрананы қалыптастыратын (хинидин ұқсас)
II топ – β – адреноблокатор
III топ реполяризацияны сиретеді
IV топ - кальций каналдарының блокаторлары (өткізбейтін) .