Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


IV топ. Кальций каналдарының блокаторлары



бет78/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   153
Байланысты:
Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (о у ралы) 2019 ж (1)-1

IV топ. Кальций каналдарының блокаторлары
Кальций иондарының өтуіне кедергі жасайды, кальций каналынан.
Изоптин (финоптин, верапамил) – Isoptinum – шығу түрі таблетка 0,04, 0,08 N100 1 табл.күніне 3 рет, ампула 0,25 %-2 мл N10 венаға.
Фармакологиялық әсері: қан тамырларын кеңейтіп, қан айналысын күшейтеді,жүрек автоматизімін төмендетеді, зәр шығарады.
Қолдануы: коронар қан тамырлар кемшіліктерінде, аритмияға қарсы, инфаркт миокардтың алдын алу үшін.
Жағымсыз әсері: жүрек айниды, бас айналады.
Қарсы көрсеткіші: кордиогенді шокта, жүрек өткізгіш қабілетін нашарлағанда.


К оринфар (нифедипин)– Corinfar, Nifedipin.
Шығу түрі: таблетка N0,01, 0,02, 0,005 N40 1 таблетка тіл астына стенокардия талмасында күніне 2-3 рет, қолданғаннан кейін 30-60мин жату қажет, аритмияда 1 табл.күніне 3-4 рет
Қ олдануы: ишемиялық ауру, жүрек талма ауруларында, аритмияға қарсы.
Қарсы көрсеткіштері: жүктілікте.
Дилтиазем( алдизем, диазем, кардил) - Diltiazem; шығу түрі таблетка 0,03, 0,06, 0,09 N 60
1 таблеткадан 2-3 рет күніне, қабық 120 мг, 180 мг ретард
Қолдануы: ишемиялық ауру, жүрек талма ауруларында, аритмияға қарсы.
Стенокардия ауруын емдеуге қолданатын препараттар
(антиангиналды препараттар)
С тенокардия (жүректің үстама ауруы) - сол жақ төс сүйегінің тұсында қатты ауру пайда болып, сол қолмен, жауырынға беріледі. Стенокардия ұстамасы жүрек бүлшық етінде оттегінің жедел жетіспеушігіне байланысты болады, сондықтан ұстаманы жедел басатын және алдын алатын препараттар қолданады.
I стенокардия ұстамасын басатын дәрілер
Валидол – Validolum; шығу түрі: таблетка N0,06 N10 1 таблетка тіл астына стенокардия талмасында күніне 2-3 рет,;
Нитроглицерин – Nitroglycerinum – шығу түрі таблетка 0,0005 N20 1 таблетка тіл астына.
Коронар қан тамырларын кеңейтеді, әсері 1-2 минуттан кейін байқалып, 20-30 минутқа созылады, әсері қысқа.
Жағымсыз әсері: - құлақ шыңылдайды, бас аурады, айналады, коллапс туғызады, қан қысымы төмендейді
Қарсы көрсеткіші: глаукома, бас ми қысымының жоғарлауында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет