Сақтандыру және еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлы және кезектен тыс бақылауды жүргізу. Еңбекті қорғау жұмысын бақылайтын еңбек инспекторының жұмысына қойылатын негізгі талаптар



Дата28.02.2023
өлшемі0,68 Mb.
#70520
Байланысты:
енбек коргау срс2

Сақтандыру және еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлы және кезектен тыс бақылауды жүргізу. Еңбекті қорғау жұмысын бақылайтын еңбек инспекторының жұмысына қойылатын негізгі талаптар

Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты болып еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету табылады. Мемлекеттік бақылау жұмыс берушінің немесе қызметкердің ЕҚ және ҚТ талаптарын орындауына мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады

Тексерулер жоспарлық және жоспардан тыс деп бөлінеді. Жоспарлық – бұл еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңнамларымен белгіленген алдыңғы тексерулерге қатысты уақыттық интервалдарды ескере отырып жүргізілетін тексеру. Жоспарлық тексеру кешенді болуы мүмкін, яғни басқа бақылаушы органдармен бірлесіп өткізілуі мүмкін. Жоспарлық тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық емес өткізіле алады, ал шағын кәсіпкерлік үшін – үш жылда бір реттен артық емес.

Жоспардан тыс тексерулер жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарын бұзу туралы жүгінуі жағдайында, және де мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін және ЕҚ және ҚТ бұзуды тез арада жоюды талап ететін фактілерді анықтаған жағдайда жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулер жүргізген жағдайда жоспарлық тексерулер басқа мерзімге ауыстырылады.

Тексерудің ұзақтығы, ерекше жағдайлардан басқа, он күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастау алдында жұмыс берушіге келесі құжаттарды көрсетеді: 1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгілеген тәртіпте тіркелуі тиіс жоспарлық тексеруді тағайындау туралы акт; 2) қызметтік куәлік; 3) қажет болғанда – режимдік нысандарға келуге құзіретті органдардың рұқсаттамалары. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасайтын тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауап береді.

Өткізілген тексеру және оның нәтижелері туралы ақпарат жұмыс берушінің тексеру актілерін есепке алу кітабына енгізіледі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын бұзулардың анықталуына байланысты мемлекеттік еңбек инспекторы келесі актілерді шығарады (жасайды): 1) тапсырма: ЕҚ және ТҚ талаптарын бұзуды жою туралы; өндірістік нысандарда және жабдықтарда, және де өндірістік процестерде жарақатқа қауіпті және апаттық жағдайлардың туындауын болдырмау үшін ЕҚ және ҚТ бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы; жекелеген өндірістердің, цехтардың, бөлімшелердің, жұмыс орындарының және жабдықтардың және тұтастай алғанда ұйымның қызметіне тыйым салу (уақытша тоқтату) туралы.

2) әкімшілік құқықбұзулар туралы хаттама; 3) әкімшілік құқықбұзулар туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы; 4) әкімшілік құқықбұзулар туралы іс бойынша қаулы. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушінің ЕҚ және ҚТ талаптарын бұзуға әсер етудің құқықтық шарасы болып табылады. Бұл актілер лауазымды жеке және заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет