Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет131/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§41. Қазақтың шешендік өнері
1.   Шешендік  өнер.  Шешендік өнер Египет, 
Ассирия, Грекия, Рим, Үндістан сияқты елдер 
мен қазақ жерінде ежелден дамыған. Шешен  
латын сөзі – көпшілік алдында сөз сөйлеуші 
адам дегенді білдіреді.
Ежелгі грек оқымыстылары Аристотель, Де-
мосфен, Цицерон, Платон, т.б. шешендік өнердің 
шеберлері саналады. Грек ойшылы Платон: 
«Шешен – сендірудің шебері. Оның бар мәні де, 
міндеті де осында»  деп жазады.
Шешендік сөз дегеніміз – бір мәселе бойын-
ша тапқыр ой, көркем тілмен айтылған, халық 
қабылдаған жүйелі, үлгілі сөздер. Ақындық-
шешендік өнер ел өміріндегі елеулі оқиғаларға 
байланысты, туған жерге қатер төнгенде, ел 
мен ердің ар-намысына тиген кездерде күшейе 
Қыз бен жігіт айтысы


131
түседі. Мәселен, «Ақтабан шұбырынды, Ал-
қакөл сұлама» жылдары Төле би, Қазыбек би, 
Әйтеке би сияқты атақты би-шешендер тарих 
сахнасына шықты. Нағыз шешен хан мен сұл-
таннан қаймықпайтын, батыл да әділ, заңды 
жақсы білетін адам болған. 
Қазақ шешендерінің ұлағатты сөздері ұмы-
тылмай, ауыздан-ауызға көшіп, бүкілхалық-
тық мұраға айналған. Төле, Қазыбек, Әйтеке, 
Майқы би, Жиренше, Асан қайғы, Сырым, 
Бөлтірік шешен мұралары жасқа да, үлкенге де 
үлгі-өнеге.
Шешендік сөздерге – жер дауы, жесір дауы, 
не ердің құнына байланысты билік-төрелік 
сөздер де жатады. Шешендер ақындар сияқты 
арнайы өнер жарысына түспеген. Олар бір дау-
лы мәселені шешу барысында ғана өнерін таны-
та білген. Шешендер айтысқан даулы мәселеге 
екінің бірі кірісіп, араласа алмайды. Шешендік 
өнердің танымдық және тәрбиелік мәні зор, 
жүйелі ойлауға, нақты да дәлелді сөйлеуге бау-
лиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет