Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет133/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   244
§42. Дала музыкасы
1.   Қазақ  халқының музыка өнері. Музыка 
(грек сөзі – музалар өнері) – белгілі ырғақты ды-
быстардан тұрады, өмірдің барлық жағдайын 
дыбыс арқылы бейнелейді. Музыкада адамның 
жан дүниесі, көңіл күйі, сезімі, күш-жігері ды-
быс түрінде көрініс табады. 
Қазақ – ежелден ән мен күйге бай халық.  
Қазақ халқының жиырмадан аса түрлі му-
зыкалық аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы, 
шаңқобыз, дауылпаз, шертер, т.б. бар.
Әннің әуені мен сөзінен халықтың қуаныш-
қайғысын, өмірін сезінеміз. Қазақ халқы той-
думанды өлең-жырмен, ән-күймен өткізген. Ха-
лық өзінің ержүрек батырларын, билері мен хан-
дарын өлеңмен дәріптеп мадақтаған, жағымсыз 
әрекеттерін өлеңмен сынаған. Қазақ әйелдері 
 
балаларын бесік жырын айтып жұбатқан. Ада-
мы қайтыс болғанын естірту, көңіл айту, жоқтау, 
қысқасын айтқанда, қазақ кез келген сезімін 
өлеңдетіп, әндетіп жеткізген.  
Халық әндері деп аталатын әндерді де кезінде 
белгілі бір адам шығарған. Уақыт өте келе авто-
ры ұмытылған. Халықтың жүрегінен шыққан 
жақсы әндер ұрпақтан-ұрпаққа тарап, бізге 
жетіп отыр.
Батырлар жырын, аңыздарды, тарихи шы-
ғармаларды ауыл-ауылды аралап, айлап қона 
жатып жүріп халық арасына ақын, жырау, 
әнші, өлеңші, күйшілер тарататын болған.  
Күй – қазақ халқының ертеден келе жатқан 
музыкалық шығар масы. Күй музыка аспабымен 
ғана орындалады. Күй шығармалары Қорқыт, 
Асанқайғыдан бастау алады. Құрманғазы, Тәт-
тімбет, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей мәңгі 
өшпейтін тамаша күйлер қалдырды.
2.   Қорқыт  – VIII ғасырда Сырдария төңіре гін 
мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шық-
қан атақты жырау, дарынды күйші, ке меңгер 
ойшыл. 
Домбыра
Қорқыт ата


134
Қорқыт – қазақтың музыкалық аспа-
бы қо бызды алғаш жасаған адам. Қорқыт өз 
елін ауыр халден құтқаруды, мәңгілік өл-
мей 
тін бақытты өмір тауып беруді аңсайды. 
Ол дүниені кезіп жүріп, қайда барса да көр 
қазып жатқандарды көреді, ақыры: дүниеде 
өзгермейтін ешнәрсе жоқ, «сынбас темір жоқ, 
өлмес өмір жоқ» деген қорытындыға келіп, 
мәңгілік өмірді халықтың ән-күйінен іздейді. 
Өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның 
өмірінде істеген игілікті ісі екенін түсінеді. Со-
дан кейін Қорқыт ата өмірін домбыра, қобыз  
тартып, күй шығарумен өткізеді, келешек ұр-
паққа өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыттың 
бізге оннан астам күйі жетті. Қорқыт күйлері – 
әуенді, сазды, мағынасы терең, ойлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет