Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет132/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.   сырым  Датұлы  шешендігі. Сырым жас-
тайынан шешендігімен көзге түсіп, бала би 
атанған.
Сырым Датұлы бастаған азаттық көтеріліс 
туралы 34-параграфта оқығансың.
Ол ерекше күш-жігерлі, терең ойлы, батыл, 
тапқыр, айлакер адам болған. 40 жігіттің іші-
нен Сырымды жазбай таныған қарындасы: «Сы-
рымда үш қасиет бар: бірінші – батырға біткен 
тұлғасы, екінші – өжет мінезі, үшіншісі – асқан 
даналығы. Ол қыран топшылы, толық денелі, 
кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бетті, басы 
да елден ерекше, торсық шекелі. Сырымның 
дене бітімі, кескін-келбеті мінсіз, жан-жақты 
жетілген, сом болаттан құйылғандай», – депті.
Халқын аузына қаратқан білгір де тапқыр, 
өткір сөзді шешен Сырым жақынын жараламай, 
алысын қараламай, елінің ар-намысын жоғары 
ұстаған.
Қазақ даласын арала ған 
поляк жур налисі А. Януш-
кевич 1846 жылы 22 мамыр-
да  туысқан да рына  жазған 
хатында қа 
зақ билерінің 
екі жақты айтысын былай 
деп жазады: «Бұл іс біздің 
бірнеше күнімізді алды, 
өйткені айтысқа бір-біріне 
қарсы екі партия көтерілді. 
Бар 
лық мүдде, ынта-жігер 
қозды. Әр минут сайын 
жаңа шешен сөйлейді, осы 
бір дала Демосфендерінің 
кейбіреулері мені сөз 
де-
рінің 
мазмұнды лығы мен 
және жігерлілігімен бау рап 
алды. Егер ежелгі Грекия-
да немесе Римде өмір сүрсе, 
старшын Тоқымбай мен 
Бейсекенің өздері-ақ лавр-
дан белдері бүгілген болар 
еді»... «Қа 
зақтардың ақыл-
ой қабілетінің алғырлығына 
барған сайын менің көзім 
жетуде. Сөздері қандай 
жеңіл! Әрқайсысы айтайын 
дегенін түсіндіруге де, қар-
сыласының дәлеліне тойта-
рыс беруге де шебер, тіпті 
балалардың ақыл-есі де өте 
тез жетіледі».
Қазақ халқының бір 
көріп, естігенін лезде жат-
тап алатын, басқаға жеңіл 
де жедел түсіндіре алатын 
қасиеттеріне бөтен елдің 
 
саяхатшылары мен жолау-
шылары осылай қайран 
қалған. «Халық шешен 
ді-
гіне» халық арасында кең 
тараған, жүздеген адамның 
өңдеуінен өткен нақыл сөз-
дер, тақпаққа айналған мә-
тел дер  жатады.


132
Патша отаршыларының кесірінен қазақтар 
сулы, нулы жерінен, қоныс-мекенінен айырыл-
ған кезде, Сырым батыр адамның жанына ба-
татындай сөз сөйлейді. Ел татулығын сақтауға
жерін қорғауға шақырады. Қозғалысты қол-
дамаған Есім ханды Сырым жер жастандыра-
ды. Осы оқиғадан кейін Алдар би:
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың,
Жоқтан бар болдың.
Көнеден дәурен озды,
Көндей қамқа тозды.
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды, –
деп, алдынан шығып, оның бағасын оздыра 
сөйлейді. Сонда Сырым:
Қарадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атам жараған болар.
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Дәурені өткен болар.
Атадан ұл озса,
Ержеткені болар.
Анадан қыз озса,
Бойжеткені болар, –
деп жауап беріпті.  
Шешендердің өткір де әділ, ұтқыр сөздері ке-
лешек жастарға үлгі-өнеге. Олар елін бірлікке, 
татулыққа шақырады, әділдікке, адам 
гер 
ші-
лікке баулиды. 
 
Шешендік сөздер 
дегеніміз не?
 
Шешендік сөздер 
қайдан бастау алған? 
 
Қандай қазақ 
шешендерін білесің?
 
«С. Датұлы – қол-
басшы, батыр, шешен» 
тақырыбына жоспар 
құр.


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет