Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет17/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§5. Өлкетану
1.  Өлке.  Өлке дегеніміз не? Өзің туып-өскен 
өлке туралы не білесің?
Өлке – аймақ, өңір, атырап, дала деген 
сөздердің мағынасын білдіретін мемлекет 
иелігіндегі жер.
 Әрбір адам үшін оның туып-
өскен өлкесі,  қаласы немесе ауылы, үйі, күнде 
жүретін көшелері қымбат. Ол өлкеде өзің оқитын 
сүйікті мектебің, аса қымбат достарың бар. Онда 
ел мақтан тұтатын адамдар өмір сүріп, еңбек 
етеді. Әрбір қала, ауыл, жер, тау, өзен-көлдің 
өзіндік тарихы, атауы және ертеден  келе жатқан 
ескерткіштері бар. Заңғар жазушы Мұхтар 
Әуезов: «Біздің қазақ жер атын, тау атын сол за-
манда ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген 
жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, 
су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ аты-
ның өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген 
құпия сыр жатады» деп орынды айтқан.
Өлке тарихы ел тарихымен, сол өлкеде өмір 
сүретін халықтың ана тілімен тығыз байланыс-
ты. Туып-өскен жерін, ана тілі мен салт-дәстүрін 
қастерлеп, аялау – оқушылардың парызы.
2.  Өлкетану. Өлкетану ғылымы – туып-өскен 
жеріміздің таби ғаты, халқы, шаруашылығы, та-
рихы мен мәдениеті туралы білімдер жиынтығы. 
Осы өлкені зерттеумен айналысатын адамды 
өлкетанушы дейміз.
Өлкетанудың не екенін білу үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет