166
Төлеген Тоқтаров
Бауыржан Момышұлы:
«Біз Ұлы Отан соғысында қан кешіп жүріп
сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ.
Ол – қазіргі кең-жазира Отаның сенің. Отансыз өмір, онсыз қуаныш жоқ. Соны
көздің қарашығындай сақтаңдар.
Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі
үшін аяусыз еткен еңбектен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жа-
сар азаматтар ерекше ерлік көрсетті. Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын
жас. Осыған әрқашанда әзір болу керек.
Жастарымыз Отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы
қасиет. Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол
ата-анадан бірге
туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын,
туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.
Өз әке-шешесін
ардақтамаған өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған, түзде
интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың
тауын қадірлемейді.
Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны
ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажы-
рата білуі шарт.
Намыс – адамзаттың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана на-
мыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін,
өлсем өлейін, бірақ
ата-анамды, жұртымды жерге қаратпаймын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы,
Отаны, өз үйі...»
Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. – Алматы, 1976, 380-381-бб.
167
Б. Момышұлы соғысты полковник шенінде,
9-гвардиялық атқыш тар дивизиясының коман-
дирі болып жүріп аяқтады.
Оған соғыс аяқтал-
ғаннан 45 жылдан кейін ғана, 1990 жылы Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: