Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет207/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   244
3.  Қазақ  жеріндегі  ақша.  Қазақстан аума-
ғында жүргізілген археологиялық қазба жұ-
мыстары кезінде орта ғасырларға жататын тең-
гелер мен теңге көмбелері табылды. Отырар, 
Тараз, Йасы, Талғар, т.б. қала орындарынан 
табылған күміс, алтын, қола теңгелер тауар-
ақша қатынастарының болғанын көрсетеді.
Отырар қаласынан еден астынан табылған 
құ мырада зергерлік бұйымдар, күміс тостаған 
сынықтары, күміс құймалар мен теңгелер бол-
ған. Күміс құйма сол кезде ақшамен қатар не 
ақша орнына жүрген.
Көмбеден табылған теңгелердің саны 235. 
Сал мағы жарты килограмға жуық. Көмбедегі 
теңгелер әр жерде құйылғандықтан әртүрлі бо-
лып келеді. Теңгелердің 151 данасы күміс дир-
хемдер. Олар Алмалықтағы Теңге сарайында 
соғылған. Моңғол империясында құйылған тең-
гелер де кездеседі. Енді бір теңгелер Алмалыққа 
таяу жерде орналасқан Құяшта  шығарылған. 
Сыр бойындағы Жент қаласында соғылған сегіз 
теңге табылды.
Моңғол шапқыншылығынан кейін сауда 
қысқарып, кейін мүлдем тоқтап қалған кезі 
де болды. Сауданы дамытып, шаруашылықты 
күйзелістен шығару үшін Отырарда бірнеше рет 
ақша реформалары жүргізілген. Мәселен, ре-
форма нәтижесінде Отырарда жыл сайын күміс 
пен мыс дирхем, фельс шығарылған. Фельс 
ұсақ ақшаның рөлін атқарған. Ғалымдардың 
зерттеуіне қарағанда, XIII ғасырдың соңында 
Қазақстан жерінде 15-тен астам теңге соғатын 
сарайлар болған. Отырар, Тараз, Алмалық, 
Жент, т.б. теңге сарайлары жұмыс істеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет