Қалдаяқов Шәмші (1930–1992) – қазақ халқы-
ның дарынды компози-
торы. Халық арасында
кең тараған «Менің Қазақ-
станым», «Ақ бантик»,
«Қуаныш вальсі» және
басқа көптеген әндердің
ав торы. 1992 жылдан бері
елімізде Шәмші Қал
дая-
қов атындағы халық
ара-
лық конкурс жыл сайын
өткізіледі.
Нәжімеденов Жұмекен (1935–1983) – талант-
ты ақын. 1959 жылы
Құрманғазы атындағы
консерваторияда оқып
жүргенде курстас досы
Ш. Қалдаяқовтың «Менің
Қазақстаным» атты әніне
сөз жазды. Оның «Ба-
лауса» жинағы, «Күй кі-
табы», «Қыран қия», «Ақ
көгершін», «Тамыр мен
жа пырақ» және басқа кі-
таптары жарық көрген.
Гербтегі белгілер нені бейнелейді?
Мемлекеттік Тудағы белгілер нені білдіреді?
Қазақстан Респуб ликасының алғашқы Мемлекеттік Гимнін неліктен ауыс- тыру қажет болды?
Жаңа Гимннің авторлары кімдер?
Қазақстан Республикасының Гербі жайлы жоспар бойынша әңгіме құрастыр: а) шаңырақ, оны айналдыра күн сәулесіндей тараған уықтар; ә) алтын қанатты пырақтар; б) қос мүйіз; в) бесбұрышты жұлдыз; г) «Қазақстан» жазуы.
Қазақстан Республикасының Туын мынадай жоспар бойынша сипатта: а) шұғылалы күн; ә) қалықтап ұшқан қыран; б) көгілдір түсті матадағы ұлттық өрнек.