Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет216/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§65. IV – V бөлімдер бойынша 
қорытынды қайталау
мен білемін...
1905 жылы Алаш қозғалысы қалыптасты. 
Алаш қозғалысының мақсаты қазақ елін отар-
лық езгіден құтқарып, өз алдына дербес ұлт тық 
автономия құру болды. Қозғалыстың алдың ғы 
сапында – Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, 
М. Дулатұлы және басқалар тұрды.
1917 жылы Алаш партиясы құрылды. 1917 жы- 
лы желтоқсан айында Орынбор қаласында 
Жалпы қазақ съезі өтті. Онда мемлекетті бас-
қару формасы, қазақ облыстарының автоно-
миясы, жер мәселесі, халық ағарту ісі және 
басқа мәселелер қаралды.
1917 жылы 25 қазанда Ресейдегі Қазан 
төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі ке-
ңестердің қолына көшті. Қазақстанда Кеңес 
өкіметі орнады. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР 
құрамында Қазақ АКСР-і құрылды.
1927 жылы салына бас таған Түркісіб темір 
жолы 1931 жылы қаңтарда тұрақты пайдалануға 
берілді. 
1931–1932 жылдары ауыл шаруашылығын 
күшпен ұжымдастыру барысында аштықтан 
 
2,1 млн. адам қырылды, 1 млн. астам адам ше-
телге көшіп кетуге мәжбүр болды. 1933 жылы 
тек 4,5 млн. ғана мал басы қалды. 
 
Қазақстан  Респуб лика-
сының қандай мемле-
кеттермен шектесіп 
жат қанын атап, карта-
дан көрсет.
 
Қазақстан Республи-
касы елшілік бай-
ланыс орнатқан 
мемлекеттерді ата. 
Жауабыңда сабақта 
және сабақтан тыс  
(теледидар, бейне-
фильм) алған  
біліміңді пайдалан.


202
1937–1938 жылдары Алаш қозғалысының 
қайраткерлері, кеңес өкіметін орнатуға атса-
лыс 
қандар, қазақ әдебиеті мен ғылымының 
бел гілі өкілдері, т.б. жазықсыз қуғын-сүргінге 
ұшырады.
1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы бол-
ды. Қазақстандықтар майданда, тылда, парти-
зандар құрамасы сапында ерлікпен шайқасты.  
497 қазақстандық Кеңес Одағының Баты-
ры атанды. Оның 98-і қазақ. Қазақ қыздары  
М.  Мәметова  мен  Ә.  Молдағұлова  Кеңес  Ода-
ғының Батыры атанды. 
Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа 
бейімдеу мақсатында ғалымдар мен мәдениет 
саласының қызметкерлері де аянбай еңбек етті. 
Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орындарын 
зерттеу ісінде зор еңбек сіңірді. Оған 1942 жылы 
Мемлекеттік сыйлық берілді.
1954 жылы тың жерлерді игеру басталды.
1957 жылдың мамыр айында Байқоңыр ға-
рыш айлағы пайдалануға берілді. 
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Рес-
публикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңы жария-
ланды.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республи-
касы БҰҰ мүшелігіне өтті. 
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Респуб-
ликасының ұлттық валютасы – теңге айналымға 
енгізілді. 
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Респуб-
ли 
касының алғашқы Конституциясы қабыл-
данды.
1995 жылғы 30 тамызда жетілдірілген, то-
лық тырылған жаңа Конституция қабылданды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының 
Мем лекеттік рәміздері: Туы, Гербі және Гимні 
қабылданды. 2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік Гимнінің жаңа ре-
дакциясы бекітілді.


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет