Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


Тапсырма. оқулық мәтінін пайдалана отырып мына кестені толтыр



Pdf көрінісі
бет218/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   244
Тапсырма. оқулық мәтінін пайдалана отырып мына кестені толтыр.

Жылдар
Маңызды оқиғалар
1998 жылы Қазақстан Республикасының ас-
танасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына 
көшірілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тілі – қазақ тілі. Қазақстанда 16 миллионнан 
астам халық тұрады. Онда 130-дай ұлттар мен 
ұлыстар мекендейді.
Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген 
мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Рес-
публиканың шетелдермен дипломатиялық, эко-
номикалық және мәдени байланысы нығаюда.


204
§66. туған өлке тарихы
1.  Біздің өлке қазіргі Қазақстан картасын-
да. Қым батты  балалар! «Өлкетану» тақырыбын 
оқығанда өлке дегеніміз не деген сұраққа жа уап 
таптың. Ал енді өзің туып-өс кен өлке туралы не 
білесің? 
Біздің әрбіріміздің туып-өскен өз мекеніміз 
бар. Өзіміз дүниеге келген ауыл, кент не қала 
әрқайсысымыз үшін қасиетті мекен саналады. Ба-
лалар, біреуің ауылдық жерде, екіншілерің 
әсем қала Астанада, екі миллиондай тұрғыны 
бар Алматыда не облыс, аудан орталықтарында 
тұрасыңдар. Халқының саны 10 мыңға жуық 
қала тектес кент, немесе халқы 10 – 100 мың 
ара лы ғындағы шағын және орташа қалаларда 
өмір сүретін құрдастарыңның бар екенін де 
білесің. Жазғы демалыста ауылда тұра тындар 
қалаға, қалада тұратындар ауылдағы туған-
туысқандарыңа қыдырып барасыңдар. Ауыл-
да атаң мен әжең, жақын туыс-достарың бар. 
Қалада аға-жеңгең, әпкелерің тұрады.
Ауылдағы адамдар бір-бірімен жиі араласа-
ды. Бір отбасында қуаныш, той болса, көршілері 
қонақ атқарысуға көмек береді, қайғысын бірге 
бөліседі. 
Ауылға барғанда мал жайылымын, үй жан-
уар лары мен егістік алқаптарын, алма бағын 
тамашалайсың. Балалармен бірге айдын көлге 
шомылып, балық аулайсың. 
Біздің өлкенің байлығы – оның адамда-
ры. Әр азамат өзінің сол қалада немесе ауыл-
да дүниеге келгенін мақтаныш тұтады, қайда 
жүрсе де туған жерін ұмытпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет